Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияға кіріспе. Мен және менің мотивациям

Автор:   •  Май 29, 2020  •  Реферат  •  4,416 Слов (18 Страниц)  •  1,343 Просмотры

Страница 1 из 18

Модуль 1 Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға

1-дәріс

Тақырыбы:  Психологияға кіріспе. Мен және менің мотивациям

Эмоциялар және эмоционалдық интеллект. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы

Мақсаты: Психологияның пәні мен объектісі. Ғылыми және тұрмыстың психологияның негізгі айырмашылықтары және салыстырмалы талдау.

Психологиялық білімдердің ерекшеліктері. Психология адам мен жануарлардың іс-әрекетіндегі психикалық бейнелеудің құрылымы, шығуы және жұмыс жасауы жайлы ғылым ретінде. Эмоция психологиясының жалпы сипаттамасын меңгерту. Эмоцияның биологиялық мақсатқа сәйкестігін және эмоцияның заттылығын игерту. Эмоция іс- әрекеттің ішкі регуляторы ретінде. Эмоцияның функцияларын және тұлғаның эмоциялық күйлерінің түрлерін түсінідіру. А.Н. Леонтьев бойынша эмоциялық құбылыстардың жіктемелері: аффектілер, эмоциялар, сезім. Стресс. Көңіл күй ұғымдарын меңгерту

Түйін сөздер:

Психология, фундаменталды және қолданбалы психология, психология салалары, психология пәні, психология міндеттері. эмоция, аффект, көңіл-күй.

Жоспары:

  1. Психологияның пәні мен объектісі.
  2. Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері.
  3. Мен және менің мотивациям
  4. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект.
  5. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы

Психология ғылымының пәні туралы ойлар әлі күнге дейін нақты емес. Психологтардың көбі өздерінің зерттеу пәні ретінде психикалық процестерді (ойлау,есте сақтау сезім және т.б) қарастырады. Ал, кей жағдайларда психологияның пәні ретінде тұлға туралы,адам туралы айтылады. Психология пәніне қатысты айтылған бұл екі ықпал толық қанағаттандырылмайды,өйткені жоғарыда айтылғанның барлығын басқа да көптеген ғылымдар зерттейді.Психологияның мәселелерін және оның айналыспайтын сұрақтарын нақты ажыратып алу үшін өте дәл ғылыми ұғымдар қажет. Ал бұл өз кезегінде психологтың шешіп беруіне тиіс барлық психологияның  міндеттерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

                   Психология ғылымының пәні туралы нақты ашық көзқарастың болмауы Эксперименттік зерттеулерді танып-білуде қиындық туғызады. Психологтардың тәжірибелік жұмыстарының сәтті болуы үшін психология пәнін түсіну өте қажет және аса маңызды.Психологтардың адаммен жұмыс жасайтын өзге мамандармен (медицина қызыметкерлері, педагогтар және т.б) салыстырғарды атқаратын міндеттері күрделі.

              Пән туралы сұрақ психиқалық құбылыстардың механизмдерін зерттеу үшін де маңызды. Зерттеушілердің кейбірі осы механизмдерді ми физиологиясынан іздестіреді. Ал басқалары болса, обьектілер арасындағы қатынастарды басқарып жүретін заңдылықтарды зертейді.

              Психологиялық зеттеулердің осы бағыттарын дұрыс деп танысақ, онда псикалық құбылыстар өзіндік психологилық механйзмдеріне ие еместігін психология жалғыз ғана ’құбылыстармен’’ шектелгендігін көреміз. Брақ, ондапсихология пәні жоғалып, оның адамзат білімі аясында жеке сала ретінде болуы күман туғызады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарға қоса, психология пәнін анықтау өте маңызды екенін қайталап өткен жөн.

Көптеген психологиялық сөздіктер мен  көне оқулықтарда жазылғандай психология пәні ретінде психика болып табылады, ягни адамның сезнуі мен қабылдауындағы бейнелеу процесі арқылы обьективті шынайлықтың субьективті сыпатталуы.

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері

       Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері –практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алнатын тәсілдер  мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы, көбінесе пайдаланатын әдістердің жетңлгендңгіне  және олардың қаншалықты сенімді екеніне байланысты. Мұның барлығы психологиға да қатысты.

           Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымнығ жетістіктері  тек осы  әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ  ғ. Ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты «ескі» ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.  

...

Скачать:   txt (62.1 Kb)   pdf (210.1 Kb)   docx (26.9 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club