Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен және менің мотивациям

Автор:   •  Март 28, 2024  •  Реферат  •  1,116 Слов (5 Страниц)  •  136 Просмотры

Страница 1 из 5

«Мен және менің мотивациям»

Өмір күнделікті мәселелерді шешуден

 гөрі көп нәрсе болуы керек. Сіз оянып,

болашаққа Шабыт беруіңіз керек.

Илон Маск

Әрбір адамға белгілі бір себептермен өте қиын орындалатын міндеттер мен тапсырмалар  жиі кездеседі. Осы кезде бірден  бір сұрақ туындайды, адам өзін-өзі қалай ынталандыру қажет және мотивация деген не, оның көрінісі қандайболуы керек? Мотивация - бұл адамды іс-әрекетке итермелейтін белгілі бір процесс немесе адамның мақсатына қандай да бір қиын, оның ойынша, кезеңдер арқылы жету мүмкіндігі. Әдетте,  мотивация физикалық деңгейде қажет емес. Барлығы әлдеқайда тереңірек. Өйткені,  адамды моральдық немесе психологиялық негізде сендіру мүлде басқа. Қазіргі уақытта интернет желісі бұл жағынан бізге көп көмек бере алады. Көптеген видеолар, адамдардың өмірінен алынған шынайы оқиғаларға негізденлен бейнероликтер сізге өз көмегін тигізе алады. Сіз спортпен, сурет салумен немесе әйгілі ғалым немесе аспаз болғыңыз келетін шығар? Осындай бағытқа арналған мотивациялық видеолар табандылық арқылы бәріне қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Қол жеткізуге болатын нәтижені нақты көру өте маңызды болып табылады. Өзінің қандай да бір мақсатына  қол жеткізген адам да керемет мотиватор бола  алады. Әрбір адам өзін-өзі ынталандыруы керек екеніне сенімдімін. Өйткені, барлық әрекеттерді орындайтын да, жоспарларды жүзеге асыратын да өзіңізсіз. Алайда ешкім өз мотивация рецептісімен бөліскісі келе бермейді. Және мотивацияны бақытпен салыстырған дұрыс секілді. Сонда бұл бәріне және барлығына  түсінікті болады. Бақыт - сыйлық, адамның өзін қандай да бір әрекетке итермелей алу қабілеті  деген пікір бар.

      Әр адам өмірде әр түрлі жағдайлардан өтеді. Бұл жағдайлар біреуге өз жолын табуға көмек беруі мүмкін, біреу өмірінің мәнін жоғалтып, адасуы да мүмкін, біреу қорқыныш,күмән сезімін ұмытып алдыға ұмтыла бастауы мүмкін, ал кейбір жандар бар қиындықты жеңіп қана қоймай, өздерінен мотивация таба алады. Әйгілі журналист Б.Ч.Форбс айтқандай, қиындықтар ынталандыру керек . Осыны түсіне алған адамдар өмірдің нағыз қызығын көре алады деп ойлаймын.

      Өмірдің мәні мен өмірге деген құлшыныстың жоғалуы» деген сынды психологиялық жағдайды немесе депрессияны кез келген адам өмірінің әртүрлі шағында басынан өткеруі мүмкін. Ақыл-есі дұрыс адамның толыққанды өмірін белгілі бір мақсатсыз, құлшыныссыз, талпынусыз елестету қиын. Кейде алға жылжудың жоқтығын, өзіміздің дамуымыздағы тоқырауды сезінеміз. Мысалы, қазір мен жас студентпін. Өз арманларым мен мақсаттарым бар. Менің мотивациям –  менің армандарым. Менің бұл өмірге, болашағыма деген жоспарларым көп. Болашағыма деген жоспарларыма жету үшін қаншалықты қиын болса да, өзіммен көп жұмыс жасауым қажет. Себебі, нәтижеме жету, асқақ армандарыма жеткенімді сезіну мен үшін әлдеқайда маңыздырақ. Және өз арман-мақсаттарыма жету арқылы ата-анамның үмітін ақтап, олардың бар жағдайын жасағым келеді.

Мотивацияны табу қиын емес секілді. Ол үшін тек қандай нәтиже қалайтыныңды білуің керек.  Егер, нәтиже көңіліңді көншітпесе, бұл мақсат айқын емес, саған мұның қажеті де жоқ.Мотивация кез келген жерде қажет. Мәселен, арықтау үшін, ең әдемі болып жүру үшін, жетістікке жету үшін немесе бизнес бастау үшін, оқуға түсу үшін де мотивация керек. Құлшыныстың бар болуы жеткіліксіз, себебі онымен жұмыс істеу қажет. Былайша айтқанда, мотивацияңыз өз әсерін, пайдасын жоғалтып алмау үшін оны «қоректендіру» керек. Қорыта айтқанда, мотивация бұл сіздің болашаққа деген ұмтылысыңызды жігерлендіре түседі.


«Қазіргі қоғам құндылықтары»

Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады.

Адам өмірін қоғамсыз елестету қиын. Өркениетті қоғамда кез келген жеке тұлға өзін қоршаған ортаның талаптары мен тәртіптерін сақтай отырып, түрлі игіліктерге қол жеткізе алады. Сондықтан адамдар бірлігі қоғамды ұдайы алға жетелеп отыратын, даму мен табыстың негізі саналатын құндылықтар болады.

...

Скачать:   txt (15.4 Kb)   pdf (107.3 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club