Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психодиагностика ғылымының теориялық мазмұнын ашу және оны практикамен ұштастыру

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Контрольная работа  •  3,508 Слов (15 Страниц)  •  601 Просмотры

Страница 1 из 15

1. «Өлшеу» түсінігі және өлшеу реттік шкалалары.

2. Психодиагностикалық әдістердің технологиясын меңгеру және деректерді өлшеу, ұсыну.

3. Тестті құрастырудың негізгі этаптары. Валидтілік түрлері, критерийлері.

Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері. Өлшеу әдістері дегеніміз - нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданылады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі ажыратылады.

• Тікелей бағалау әдісі арқылы өлшеген кезде психодиагностикалық әдістердің анықтайтын мәніне сәйкес бойынша анықтайды.

• Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен салыстыратын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлшемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Ал тікелей бағалау әдісінде өлшем өлшеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету кезінде өлшеніп, нәтижесінде беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстырмалы әдістер міндетті болуы қажет.

Оқушылардың ең басты жетістігі – олардың оқу әрекетінің нәтижесі. Оқушылардың жетістігін бағалау үшін оларды педагогикалық мақсаттармен қатар қою керек, ал қатар қою үшін мақсаттардың өзі соған сәйкес технологиялық формамен берілуі тиіс. Егер осындай алға қойылған мақсатты технологиялық аяқталған алгоритм түрінде қалыптастыру мүмкіндігі пайдаланылса, білім беру әрекеті нәтижелерінің моделін іс жүзінде көп аспектілі сипатталатын және әр түрлі бөліктерден тұратын тест құрастыруға жарамды формада жасауға айқын мүмкіндік туады.

Кез келген тесттің психологиялық немесе педагогикалық маңызды белгілеріне мыналар жатады:

Тесттің біртұтастығы:

- Метрологиялық негізделген болуы керек.

- Сапа көрсеткіштеріне – валидтілік пен сенімділікке сәйкес келетін, болуы қажет.

- Салыстыруға арналған өзге негіздер ретіндегі нормалары бар болуы тиіс.

Тесттік тапсырмалар мынадай болуы тиіс:

- белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған;

-

- тестілеу мақсаттарына және оны әзірлеушілердің ресурстық әлеуметіне сәйкес келетін;

- практикада тексерілген;

- есептеулі сапа көрсеткіштері - күрделілігі және дискриминативтілігі бар.

Жабдықтау мынадай болуы тиіс:

- барлық сыналушылар үшін бірдей жағдайды қамтамасыз ететін;

- өткізу уақытын шектейтін;

- нұсқауларының бәрі бірдей, әрі сыналушыларға не істеу керектігін айқын түсіндіретін;

- нәтижелерді статистикалық талдауды және оларды түсіндіруді алдын-ала қарастыратын.

Білім беру стандарттары “Білім туралы” заңның міндеттерін атқару үшін, біріншіден оның мазмұнының құрылымын іріктеу, екіншіден білімді игерудің сапасын анықтап алу керек, яғни дидактикалық бірліктердің дұрыс таңдалуын қамтамасыз ету керек. Одан кейін бұл талаптардың оқушылар үшін емес, мектеп бітірушілерге арналғанын ескеру керек. Ал алынған ақпараттар негізгі мектепте берілген жағдайда, оны он бірінші сыныпқа дейін ұмытпай

...

Скачать:   txt (34.4 Kb)   pdf (72.9 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club