Карл Поппердің ілімі бойынша қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Автор: ak_gau • Апрель 3, 2020 • Эссе • 332 Слов (2 Страниц) • 2,166 Просмотры
Карл Поппердің ілімі бойынша қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Ашық қоғам концепсиясының негізін салушы Анри Бергсон болатын, ал оны әрі қарай дамытқан Карл Поппер болып табылады. Ол өзінің ашық қоғам және оның жаулары атты еңбегінде өзінің критикалық рационализм философиясын ашық қоғам философиясымен біріктірген болатын.
Поппердің түсінігі бойынша, ашық қоғам дегеніміз толығымен демократия. Ашық қоғамның мүшелері табуға критикалық тұрғыдан карайды, олар барлық шешімдерді өздерінің ақыл-ойына, санасына интелектіне, жинаған тәжірибесіне сүйене отырып қабылдайды. Бұл шектелмеген капитализм де емес, марксизм немесе анрхизмнің негізінде құрылған қоғам емес, бұл демократияның бір түрі.
Жабық қоғам табулық системаның негізінде құрылған, этникалық немесе политикалық тайпалық құрылымға тән белгі. Табу дегеніміз – абсолютті түрде қолданылып, бұзуға мүлде жол берілмейтін, табиғат заңдарымен ұқсастығы бар заңдар жиыны. Мұндай қоғамда индивид ненің дұрыс ненің бұрыс екендігін аюсолютті заңға сай біліп отырады, мұндай қоғам қатаң тәртіппен, кластар мен касталарға бөліну ж.йесімен ерекшеленеді. Сауда-саттық пен теңіз жолдарының дамуына байланысты, әр түрлі табу системасын ұстанатын әртүрлі тайпалар бір-бірімен байланысқа түсіп, өз қоғамының заңдарының абсолютті емес екендігін және оны бұзуға болатындығын түсінді.Мұндай жағдайлардың орын алуы, адамдардың ой-санасын әлі күнге дейін жалғасып жатқан революцияға әкеліп соқтырды, ашық қоғамға өту революциясына. Яғни, әрбір индивид өз интелектіне, тәжірибесіне сүйеене отырып, социалды конкуренцияға түсе алады.
Поппер Платон идеялогиясын, нақтырақ айтсақ, оның адам бақыты және әділдік, ақиқат тек қана жабық қоғам жүйесін бола алады деген ойын сынға алады. Ол Платонның ілімін тоталитаризм дейді. Оның барлығына ортақ игілікті қалағандығына қарамастан. Поппердің ойвнша, барлығына ортақ игілікке қол жеткігісі келетіндер ақыры соңында күштеуге әкеліп соқтырады дейді.
Поппер ашық қоғамның эволюцияға ұшырау нәтижесінде, абстракцияға айналатындығына нұсқап кеткен болатын. Яғни, абстаркциялык қоғамның құрылымын бір ғана гиперболамен түсіндіруге болады.Біз өзімізге адамдар бір-бірімен ешқашан кездеспейтін қоғамды елестете аламыз. Яғни, мұндай қоғамдағы индивидтердің барлық іс-әрекеттері толық изоляцияда орындалады. Индивидум өзара хаттамалар немесе телеграм немес жабық автомобильдер арқылы байланыса алады. Мұндай ойдан шығарылған қоғамды толық абстракциялық немес тұлғасыз қоғам деп атаймыз.
...