Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу
Автор: abzalovaa • Март 15, 2023 • Доклад • 504 Слов (3 Страниц) • 1,022 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»
СӨЖ
Тақырыбы: Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.
Орындаған: Абзал Ақсұлу
Тобы: ИП-21-3к2
Қабылдаған: Туркеева Сауле
Шымкент 2023
Жоспар:
1. Негізгі бөлім.
2. Қорытынды.
3. Әдеби шолу.
1. Негізгі бөлім.
Жалпы менің ойымша отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы ең алдымен ата-анаға жүктелетін міндет. Негізінен отбасылық мәселелер,отбасылық қарым-қатынас мұғалімдерді де, ата- аналарды да ойландыратын ортақ мәселе.
Баланың денсаулығының бұзылуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік - психологиялық , психологиялық- педагогикалық факторлар әсер етеді. Мысалыға айтар болсақ осы тұрғыда ғалымдардың пікірлерінше, отбасындағы адамның не баланың психикасына ауыр әсер ететін жағдайлар: жақын адамдардың ауруға шалдығуы, не өлімі, материалдық қиындықтар; отбасындағы дау- дамайлар, отбасындағы қарым -қатынастың нашарлығы, отбасындағы махаббаттың жоқтығы, ерлі- зайыптылардың біреуінің көзге шөп салуы, қызғаншақтық, ажырасу секілді жағдайлар әсер етеді.
Бұл аталған мәселелер бойынша зерттеуші Э. Г. Эйдемилердің пікірі бірінші орынға отбасындағы нашар қарым- қатынастар алынады, себебі бұл ұзақ уақыт ауыр әсер тигізетін фактор, екінші орынға отбасы мүшесінің біреунің қайтыс болуы, не ауруға шалдығуы, үшінші орынға материалдық қиындықтарды қойған. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас,орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас,әке–шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.
Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев «горизонтальды» адамгершілік-психологиялық және «вертикальды» шаруашылық-тұрмыстық сфералар деп қарастырады. Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал «горизонтальды» қатынасқа байланысты болып келеді. Отбасындағы микроклимат ересек адамдардың тәртібіне байланысты болып келеді. Қазіргі психологияда қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген.
Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады.
Паритет– тең қатынас бір біріне зиян келтірмейтін.
...