Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Образ. Психологизм. Кейіпкер және көркем образ. Образ және прототип

Автор:   •  Апрель 3, 2022  •  Контрольная работа  •  1,773 Слов (8 Страниц)  •  292 Просмотры

Страница 1 из 8

Бейсенбекова Фариза КО-31

№5 СОӨЖ тақырыбы: Образ. Психологизм. Кейіпкер және көркем образ. Образ және прототип.
Сұрақтар:
- Д.Исабековтің повестері бойынша.

Дулат аға махаббат, өмірлік күрес, сезім, жалғыздық, адамның ішкі тартыс тақырыптарын ала отырып, көбіне романтикалық және драмалық образдар жасай білген. Лирикалық лебі басым кейіпкерлер өмірдің отына күйіп, құрған тұзағынан өткен оты сөніп бара жатқан, не жарқ ете қалып, лаулап жанып, сөніп қалған кейде астастырыла, байланыстыра бейнеленген. Ішкі ой сезім, кейіпкер психологиясын автор өз позициясынан бөліп алып, деталь, штрих, монолог арқылы жан-дүниесін көрсете алады. Дулат психолгизмі өмірден шаршаған, күйзелген, өзінің арманына жете алмай, қаққан қазығына қайта оралған кейіпкер өмірлерін үшінші жақтан баяудау арқылы, тек баяндап қоймай, талдап, баға беруі, яғни оның сыртқы іс-әрекетін талдауы, автор баяндауы көбіне жалпы кейіпкер психологиясын, оның өткен өмірін, ішкі және сыртқы тартыстың майданынан хабардар боламыз. Ішкі монолог арқылы кейіпкердің өзін танимыз. Оның да адам екенін, бұндай күйге жетуіне нендей мотив болғандығын, қойған мақсаты не мақсатсыздығын танимыз. Дулат аға көбіне оқырманды кейіпкер ішкі сырына бойлатып, адамгершілік пен рухани қасиеттерді ажыратып, пендешілік пен ар-намыс тартысын көрсетеді.

Өзіміз оқып, көз жасымыздың көл болуына себепші «Гаухар тас» повесінде малшы қазақ отбасынан өсіп шыққан балалар психологиясы берілген. Соғыстан кейінгі қазақ отбасысының, жастарының өмірі суреттелген. Ыбыш пен оның әкесінің образы қазақ ер азаматына тән ұлттық мінез, типтік образ. Қазақ ер жігітті қатал, байсалды, өз сөзіне берік, сезімге емес, ақылға ерік беретін, көп сөйлеп, екі айтпайтын, ішкі бойы бүгіп жүретін, шаруаға, мал табуға, керек болса қолына қару алып, жауға аттануға дайын болуы керек, «ер қанаты –ат» дейді қазекем, аттың құлағында ойнау, түрлі өнер иесі болып, жігіт сұлтаны болып, ата дәстүрді жалғастыру. Әйелін қатын деп, «әйелді бастан» деп, сөзін мен етегін байлап ұстаған, еркектің жұмысына ақылы аз, тым сезімтал, бәленің бәрі әйелден деп қатты ұстаған. Жер үшін, тіпті астындағы аты үшін әйелін жау қолына ұстата салған. Осы мінездің барлығы Қайыркен мен Ыбыштың әкесінде, Ыбышта да бар. Әкесі болса, Қайыркенді «тым жұмсақсың, езсің, әйелдің соңында кетесің» деп жазғырады, бірақ малжанды Ыбыш мінезіне де көңілі толмайды. Ал, нағыз қазақ қызы, жаны таза, шынайы адам, ибалыда, тәрбиелі, ашық жарқын. Осылай Ыбыштың Салтанатты түсінбеуі, бір жағынан ол ауырып қалғанда, қамшысын жерге құлатыпғ дір ете қалуы, екінші жағынан әке алдында ішкі сезімін көрсетпей, сыр білдірмеуі бар. Автор табиғат пен адам жаны арасында аса шеберлікпен параллель жүргізіп отырған. Салтанат көңілін ішкі сезімін, Ыбыштың күйзелуін, күйреуін табиғатпен, дала көрінісімен астастырып береді.

Д.Исабеков шынайы өмірде болған кейіпкерлерді жаза біледі және көркем образды өмір шындығынан психологизм бойымен бойлатып, шығарма төңірегіндегі оқиғаға негізгі ойды астарлап жеткізеді. Прототип жайына келер болсақ, «Қарғын» романындағы  Жасын бейнесіне автор: "қазақ арасында сирек кездесетін эрудит" деп баға береді. Шамасы, прототипі өзі өмірде өте жоғары талғам иесі болған не жалпы қазақ тарихындағы озық жазушылардың ортақтасқан бейнесі, қоғамға қарай икемделген, әрине.

- Ә.Кекілбаевтың әңгімелері

Әбіш ағаның «Тасбақаның шөбі», «Аш бөрі», «Ең бақытты күн», «Міне, керемет» , Галстук сатушы қыз» және т.б әңгімелері бар.

Әбіш әңгімелері көбіне қазақ ауылы, тұрмыс-тіршілігін баяндайды. Дала тірлігі, дала өмірі, шытырман, ауыр тағдырлар-  әңгімелерінің тақырыбы. Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі, сол заманнан қалған адам бойындағы тəн жарасы мен жан жарасы, қазақ ауылының кешегі тұрмысы, бүгінгі қала қазақтарының тыныс-тіршілігі сынды мəселелерді алған.. Қазақ ауылы мен оның тұрғындары суреттелетін шығармаларда қазақ даласы мен қазақ баласының ұлттық мінез ерекшелігі, өзіне тəн əдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі анықтанылады. Мысалы, «Ең бақытты күн» әңгімесіндегі Торғынның бойынан нағыз қазақ келініне тән қасиеттерді көреміз. «Есболай» әңгімесіндегі әділет үшін жанын берер қайсар ер азамат Есболай образы болсын, «Тасбақа шөбіндегі» Қарабала мен Оңбайдан болсын,қазекемнің, өарапайым ауыл тұрғындарының бейнесі әртүрлі образдармен бейнеленген.. Әбіш аға өмір күресін, жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, жомарттық пен сараңдық, кісілік пен қараулық, кеңдік пен төрешілдік, туралық пен көлгірлік, ашықтық пен ішмерездік секілді адам бойындағы қаиеттердің тоғысуынан пайда болған тартыс арқылы кейіпкер болмысына терең үңіле біледі. Әңгіме, повестеріндегі моральдік-этикалық проблемалары: қараны ақтан, жендетті жауыздан, күштіні əлсізден айыра білудің қажеттігі, адамгершілік, жақсылық сияқты мəңгілік құндылықтарды бағалай білу туралы. Әңгімелерінде тек психологиялық талдау, философиялық тұжырымдамалар ғана емес, сарказм, сатира, мысқылдап жеткізу тәсілдері мол. Бұл жағынан Ғ.Мүсіреповтың жазу стилінмен ұқсастықтары бар. Мысалы, «Міне, керемет» және «Керек адам» әңгімелері 70-ші жылдардағы қазақ қоғамының зиялы қауым өкілдер бейнесі, өмір-тіршіліктегі кейбір келеңсіздіктердің қоғамдық санаға енуі туралы. «Жай әзіл әңгімелер деуден гөрі, өз кезеңіне орай зілсіз әзілдің орайымен қоғамда орын алып келе жатқан әлеуметтік мерездерді терең пайымдататын, сөйтіп астарына бүккен сыншыл сықақпен тиген жерін ойып түсіретін сатираның шоғын да үрлеген ерекше ракурстағы, өзіндік тәпсірлеген әзіл-сықақтық шығармалар» деп Ә.Қабылов өз монографиясында атап өткен. «Міне, керемет» әңгімесінде ашық сатирадан гөрі юморлық-ирониялық сипаттардың бәрі бар: баяндаудағы ирониялық параллелизм мен талдаудағы қайшылықты драматизм, мінез-болмыстағы комизм, көзқарастағы коллизия, ой жүйесіндегі алогизм, танымдағы абсурд болса, «Керек адам» әңгімесіндегі күлкі – оқығанда жүзің күлгенмен, ішің жылап тұратын, кейіпкердің біріне жаның ашып, аяп, біріне кінә артып, жазғырып – бәрібір осының бәрі өмірдің ақиқат суреттері екеніне қол қойдыратын, өмірді түзету алдымен өзіңді жөндеу екенін ұғындыратын нәзік те қуатты күлкі.

...

Скачать:   txt (26.5 Kb)   pdf (109.2 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club