Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің ішкі жанымның әлемі

Автор:   •  Март 3, 2019  •  Эссе  •  833 Слов (4 Страниц)  •  3,833 Просмотры

Страница 1 из 4

         

             Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

          Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

                                   

                                           СӨЖ

Тақырыбы: «Менің ішкі жанымның әлемі»

                                                                   Орындаған: Мухаметкалиева А.М

                                                           Тексерген: Мусабаева Б.С

                                             Семей 2019

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді.

Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.
Габриэль Гарсиа Маркес

     Қазіргі жиырма бірінші ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры. Мен үшін осы эссенің тақырыбы ерекше . «Неліктен ?» деген сұраққа жауап берсем  қазіргі технологиялар - адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың негізгі құралы. Бұл біздің қарым - қатынасымызға көптеген өзгерістер алып келді. Менің ойымша қазіргі заманда адамдар осы технологиялардың пайда болуымен, олардың ішкі жан дүниесі елеусіз қалып, көбінесе сыртқы келбетке көп мəн беріле бастады. Тағы бір кемшілік: адамдардың сөздік қоры да азайып кетті. Мен үшін, кез келген адам тек сырттай сұлу ғана емес, ішкі жан дүниесі де сұлу болуы қажет. Ол үшін бұрыннан келе жатқан тəрбиенің негізгі құралдарын: кітаптарды оқу, ұрпақтан-ұрпаққа  келе жатқан тәлім-тәрбиені бойға сіңіру қажет.Біздің менталитетімізге сай қазақ педагогикасының ғұлама ғалымдарының еңбектерімен танысу. Ішкі жан дүние сұлулығы деген сөзді естіген кезде ең бірінші ойыма, барлық адамда болуы керек нəрсе – имандылық, адамгершілік, кішіпейілділік, ар-ұят қасиеттері  болуы керек деп білемін. Кішіпейілділік қасиет-  үлкенді сыйлау, асылды ардақтау үшін.  Ар-ұят - қазақ қызының ең асыл қазынасы деп білемін. Әрбір адамның жан дүниесі ашылмаған сыр сандықтай,құпия жабық кітап деуге болады. Адамдардың ішкі сыры өзі үшін қымбат болғанымен, жат адамдар үшін біреудің құндылығы түкке тұрғысыз дүние болуы да мүмкін.

       Мен ... Өзім туралы сөз қозғалса, ойланыңқырап қалатыным рас.Себебі мақтаншақ та, ынжық та емеспін.Тек айтар сөзімді әуелі ой елегінен өткізіп алғанды жөн көремін.Шындықты айтуға тырысамын,шындықты бетке айтамын деп кейде адамдарды ренжітіп алып артынан өкінетін кездерімде болады.Мен қандай жағдай болсада адамдардың барлығына мейірімділікпен қарап,олар туралы жаман пікір айтпауға тырысатын болдым.Себебі бұл өмір өткінші.Біз барлығымыз пендеміз және бұл өмірде мінсіз адам жоқ, сүрінбейтін тұяқ болмайды.Адам баласы бүгін бар, ертең жоқ дегені рас, сол себепті барымызда бір-біріміздің қадірімізді біліп,бағалауымыз керек. Мен мұғалімдердің қатал да талапшыл болса да, мен үшін, менің болашағым үшін олардың да алаңдайтынын жақсы түсінемін. Оларға түсіністікпен және сыйластықпен қараймын.

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (186.6 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club