Мекемедегі басшы мен көшбасшы мәселелері
Автор: Nuraaii • Май 16, 2023 • Доклад • 277 Слов (2 Страниц) • 169 Просмотры
Мекемедегі басшы мен көшбасшы мәселелері
Мекеме, ұйым немесе ұжым ішінде шартты түрде барлығын бақылауда ұстайтын басшы не көшбасшы болады. Басшы мен көшбасшы ұқсас болса да екі түрлі ұғым. Басшы – ұйымды басқаратын, тапсырма беретін шартты түрде болатын қызметкер.Оны арнайы бекітеді. Ал көшбасшы бейресми басшы десек болады. Ол арнайы бекітілмейді. Ұжым ішінде өздігінен көрінеді, көшбасшы ұжымды алдыға жетелейді дей аламыз.Белгілі бір мекемедегі басшы мен көшбасшының айырмашылықтары бар.Ең алдымен соларға тоқталсам.
Менің ойымша ең алдымен басшы мен көшбасшының айырмашылығы, ең белгілі,байқалатын ерекшелік лауазымында. Басшы деген былайша айтқанда атағы бар.Басшы лауазымды, ұжым ғана емес көп жағдайда үлкен беделге ие.Ал көшбасшыда атақ-даңқ жоқ. Тек өз ұжымы ішінде ғана абыройлы болып табылады. Келесі ерекшелік басшы бұйрық,тапсырма береді.Көбіне сонымен шектеледі. Яғни, алыстан басқарады. Ал көшбасшы немесе лидер ұжымды жақыннан, бeтпе-бeт басқарады.Тапсырманы орындауға бағыттайды, мақсатқа жетуге жетелейді, немесе мотивация береді. Басшы да мотивация береді. Бірақ, басшы мотивациясы тікелей лауазым өсу немесе сыйақы алуға бағытталады. Ал көшбасшы мотивациясы осы мақсатқа нәтижелі жету үшін фразамен беріледі. Басшы мен көшбасшының тағы бір айырмашылығы екеуінің өздерін ұстап, қызметкерлермен қарым-қатынасында. Басшы – байсалды.Ұжым не топтағы қызметкерлермен белгілі бір шектеуден шықпай, субординацияны ұстанып ресми түрде қарым-қатынас жасайды.Көшбасшыға келер болса, ол өз әріптестерімен еркін қарым-қатынас жасайды. Кез-келген қызметкер бейресми тілдесіп, қай уақытта болсын көшбасшыға келіп көмекке жүгіне алады.
...