МШ балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау
Автор: AidanaaaErk • Апрель 8, 2020 • Контрольная работа • 11,179 Слов (45 Страниц) • 949 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Орталық Қазақстан Академиясы
Әлеуметтік-педагогикалық факультеті
Дефектология және Әлеуметтік жұмыс кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
ОҚА ректоры
з.ғ.д., профессор
Жунусов Б.Ж.
_________________
«___»_______201_ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
МШ балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау
5В010500 – «Дефектология» мамандығына арналған
Қарағанды 2017
Құрастырган: Бекмаганбетова Асем Кайыркеновна п.ғ.м, аға оқытушы.
Оқу әдістемелік кешенде курстың қысқаша мазмұны беріледі, оқу материалының бөлімдерінің тізімі, дәрісханалық жұмыстардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының қысқаша мазмұндары берілген, студенттердің білімдерін бақылауға арналған тапсырма түрлері. Оқу әдістемелік кешен 5В010500 «Дефектология» мамандығының суденттеріне арналған.
Оқу әдістемелік кешен ҚР ММБС негізінде 5В010500 - Дефектология мамандығына сәйкес және «МШБ психологиялық-педагогикалық диагностикалау» пәнінің типтік оқу бағдарламасына сәйкес дефектология мамандығының студенттеріне арналып құрылған.
«МШ балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау» пәні бойынша 5В010500 -«Дефектология» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Бекмаганбетова А.К. - Қарағанды, 2017
© Орталық Қазақстан Академиясы, 2017
- ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
- Оқытушылар туралы мәліметтер:
Бекмаганбетова А.К. п.ғ.м., аға оқытушы, Дефектология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы,
217 каб. Кафедрада болу уақыты: 9:00-17.00 күнделікті.
- Пән туралы мәліметтер:
«МШ балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау»
Оқу жоспарының көшірмесі:
Оқу түрі | Оқу мерзімі | Курс | Семестр | Несиелер | Лекиялар | Семиарлар | Лаборатор | СОӨЖ | СӨЖ | Барлығы | Бақылау түрі |
Күндізгі | 4 | 2 | 3 | 3 | 30 | 15 | 45 | 45 | 135 | емт | |
Сырттай | 2 | 1 | 3 | 3 | 12 | 18 | 42 | 63 | 135 | емт |
1.3. Пререквизиттер: бұл пәнді оқуға дейін студенттер мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуын, оның табиғатын айқындайтын және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын пәндерді алдын ала оқып өткендері жөн.
1.4. Постреквизиттер: « Дифференциалды және педагогикалық диагностика» пәнін оқытып болғаннын кейін осы курстың қолдаңбалы мәселелерімен нақты түрде таныстыру қажет. Мәселен, мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы психикалық процестердің, қасиеттердің пайда болу, даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қарым - қатынасын игеру үшін жалпы және жас ерекшелік психологиясы, жас ерекшелік
...