Л.С.Выготский бойынша психикалық дамудың мәдени-тарихи концепциясы
Автор: B_06 • Декабрь 8, 2023 • Реферат • 1,822 Слов (8 Страниц) • 138 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]
РЕФЕРАТ
БӨЖ тақырыбы:Л.С.Выготский бойынша психикалық дамудың мәдени-тарихи концепциясы
Қабылдаған:Умбетова Арайлым
Орындаған:Жумағали Мейіржан
Тобы:ЖХМ-311
ЖОСПАР
1. Баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары;
2. Психологиялық жас туралы ілім;
3. Оқыту мен тəрбиенің арақатынасы;
4. Л. С. Выготский тұжырымдамасының мəні;
5. Жоғары психикалық қызметтер жайлы ілім.
- Баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары
Л. С. Выготский дамудың метафизикалық жəне диалектикалық атты екі тұжырымдамасын қарсы қойып салыстыру. Метафизикалық тұғырдың шеңберінде баланың психикалық дамуы тума нышандардың қарапайым өсуі, жүзеге асуы, түрленуі жəне араласуы ретінде, яғни адамға бастапқыдан берілген қабілеттердің тек сандық өзгерісі ретінде қарастырылады. Баланың диалектикалық тұғырдағы психикалық дамуы өзіндік қозғалыстың үздіксіз үдерісі, психиканың сапалы өңделуі, сананың мүлде жаңа құрылымдарының туындауы ретінде қарастырылған. Дамудың өсу ретіндегі ботаникалық үлгісіне Выготский дамудың психикалық қызметтер құрылымының қайта құрылуының жəне сананың жүйелі жəне мағыналы құрылысының өзгерісінің негізінде мінез-құлық дамуының сапалық үдерісі ретіндегі түсінікті қарсы қойып салыстырады. Л. С. Выготский адам психикасының əлеуметтік-тарихи шартталуының қағидасын жəне оның онтогенезде дамуының ерекшелігі жайлы қағиданы ұсынып, негіздеген. Ол адамның санасын қоғамның тарихи дамуының өнімі ретінде қарастырады. Выготский бойынша сана адамға берілмейді, оның шығу тегі мен өмір барысында дамуының тарихи бар. Л. С. Выготский психиканың онтогенезде дамуының бірқатар заңдарын құрастырады. Метаморфоза заңы дамуды сана күйлерінің бірізді сапалы өзгерісі ретінде анықтайды. Бұдан онтогенетикалық дамуды талдау «бірлігі» ретінде психологиялық жас шамасы туралы ілім туындайды. «Бірліктерді» бөліп алудың əдіснамалық қағидасы даму үдерісінің жалпы қасиеттері мен сипаттамаларын сақтай отырып, оның сапалы кезеңдерінің жалпы құрылымын беретін онтогенетикалық дамудың ерекше «жасушысын» талап етеді. «Психологиялық жас шамасы» балалар психологиясында сондай «бірлікке» айналды. Дамудың гетерохрондығы жайлы заң баланың психикалық дамуы оның хронологиялық жасымен сəйкес келмейтінін тұжырымдайды, яғни ол уақытқа байланысты қарапайым қызмет емес, күрделі құрылымға ие. Басқаша айтқанда психикалық даму биологиялық жетілудің ырғағынан өзге ырғаққа ие. Адам өмірінің барысында дамудың ырғағы мен темпі өзгеріп отырады. Өмірдің бастапқы кезеңдерінде дамудың өте жоғары темпы байқалады, алайда адам есейген сайын ол төмендейді. Выготский нəрестелік кезеңдегі бір жыл негізгі өзгерістері бойынша адам өмірін кез келген басқа бір жылымен салыстыруға тұрмайды деп есептеген. Жоғары психикалық қызметтердің дамуы жөніндегі заң белгілердің интериоризациялану жəне мəндердің даму үдерісі ретінде адамның санасын құрайтын жоғары психикалық қызметтердің шығу тегін анықтайды. Орта заңы дамудың бастауы ретінде əлеуметтік ортаның рөлін анықтайды. Даму үшін оқытудың жетекші рөлі туралы заң бойынша оқыту дамудың алдында жүреді. Сананың жүйелі əрі мағыналы құрылуы туралы заң баланың психикалық дамуындағы сензитивті кезеңдердің табиғатын ашады.
- Психологиялық жас туралы ілім
Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып табылады. Психологиялық жас құрылымымен жəне динамикасымен сипатталады. Жастың құрылымы дамудың əлеуметтік жағдаятын жəне жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды қамтиды. Л. С. Выготский «дамудың əлеуметтік жағдаяты» ұғымын психологиялық жастың құрылымы мен динамикасы туралы ілімге енгізеді. Ғалымның ойынша дамудың əлеуметтік жағдаяты бала мен оның айналасындағы ақиқаттың, əсіресе əлеуметтік ортаның арасындағы бірегей, жалғыз əрі қайталанбас, ол жас шамасына оғаш, ерекше қатынас болып табылады. Дамудың əлеуметтік жағдаятының талдауы баланың қоғамға «жақын» жəне «алыс» қатынастарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қатынастардың бірінші жоспары – бұл «бала – қоғамдық ересек» қатынастары. Ондағы ересек адам іс-əрекеттің нормалары мен қоғамдық мəндерінің, əлеуметік талаптарының өкілі ретінде анықталады. Екінші – «бала – жақын ересек жəне құрдасы» жоспары жеке дара-тұлғалық қатынастарды жүзеге асырады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдарын» Л. С. Выготский аталмыш жас ерекшелік кезеңде алғаш рет туындайтын жəне баланың санасын, қоршаған ортаға қатынасын, ішкі жəне сыртқы өмірін, сол жас шамасындағы дамуының барысын анықтайтын тұлға құрылымының жəне оның іс-əрекетінің жаңа түрі ретінде арастырған. Л. С. Выготский бала дамуының эмпирикалық зерттелуі жас ерекшелік өзгерістерінің екі түрін анықтауға мүмкіндік беретінін көрсеткен. Біріншісі – баяу, бірізді, көпжағдайда сандықөзгерістер, яғни дамудың эволюциялық түрі болса, екіншісі – бала тұлғасының барлық қырларын қамтитын жаңа құрылымдарының ауқымы мен тереңдігі бойынша негізді, жылдам түрі, яғни революциялық типтегі даму. Эволюциялық типтегі даму тұрақты жас шамаларына тəн, ал революциялық типтегі даму дағдарыстарға тəн. Жас ерекшелік дамудың динамикасы тұрақты жас шамалардың жəне дағдарыстардың заңды алмасып отыруы. Л. С. Выготский дамудың жас ерекшелік дағдарыстарының психологиялық мəні мен механизмдерін түсіндірудің жаңа эвристикалық моделін ұсынады. Дəстүрлі психологияда дағдарыстарды өсудің аурулары деп есептеп, жағымсыз бағалаған болатын. Ғалым дағдарыстардың мүлде жаңа түсінігін ұсынады. Оның тұжырымдамасында дағдарыс – дамудағы заңды əрі қажет үзбелі болып табылады. Дағдарыстың қызметі – баланың психикалық дамуының барысында туындаған қарама-қайшылықтарды шешуде. Қарама-қайшылықтардың мəні – дамуының ескі əлеуметтік жағдаятының жəне бала жетістіктері деңгейінің сəйкессіздігі. Л. С. Выготский бойынша дамудың əлеуметтік жағдаяты бала өмірінің бүкіл бейнесін, оның əлеуметтік болмысын, санасының ерекшеліктерін анықтайды. Дамудың əлеуметтік жағдаяты жас шамасының барлық динамикалық қайта өңдеулердің бастапқы мезетін анықтайды. Дамудың əлеуметтік жағдаяты бала мен əлеуметтік ақиқаттың арасындағы қатынастардың жүйесі ретінде бала дамыған сайын түрленіп, баланың жаңа жетістіктерін сипаттап, дамудың жаңа əлеуметтік жағдаятының негізгі бітістерін даярлап, ыдырайды.
...