Көшбасшылық теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары
Автор: Zhaina2023 • Октябрь 19, 2023 • Реферат • 1,509 Слов (7 Страниц) • 165 Просмотры
Көшбасшылық теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары
Көшбасшы (ағылшынша леадер – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа
адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені
жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың
қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға
бағыттай алады.
Көшбасшыны топтың арасында атын атамай-ақ байқауға болады. Аталмыш адамдардың өздері топтан ерекшеленеді. Нағыз көшбасшы, біріншіден, қиял-елесі дамыған адам болуы шарт. Оның себебі, адам алдына қойған мақсатқа жептес бұрын, нәтиженің қандай болатынын елестете білу керек. Ал алдына қойған мақсатына жету үшін ақыл мен парасат керек, олар адамға сенімділік әрі күш-қуат береді. Екіншіден, көшбасшы батыл болуы керек. Ол өзінің талаптарының орындалу мүмкіндігіне сенімді болып, сенімділігін топ мүшелеріне жеткізе алуы керек. Үшіншіден, көшбасшының талым - тартылысқа түсе алу қабілеті. Көшбасшы магнит іспеттес болуы шарт, ол - барлығы тартылатын орталық фигура. Айта берсең, бұл аяғы жоқ тізім секілді, өйткені, көшбасшы - барлық жағымды, қажет және маңызды қасиеттерді өзінің бойына сіңіре алған, өмір жолында тәжірибені мол жинаған тұлға.
Менің ойымша, адамның бойындағы көшбасшы бола білу қасиеті де, басқа адамдарды өз сөзіне көндіре алу қабілеті де генетикаға байланысты қалыптасады . Мысал ретінде патша билігінің қан арқылы баласына өтуін қарастыруға болады. Орта ғасырлардағы биліктің атадан балаға берілуі, яғни патша әулетінің тұқым қуалап бірінен соң бірі ат тізгінін өз әулетінің қолында ұстап қалуы тікелей билік пен генетиканың өзара байланысын көрсетеді. “Алып анадан туады” демекші , жақсы атадан жаман баланың туылуы өте сирек жағдай. Сол сияқты билікке деген икемділік, ойдың ұшқырлығы,парасат, қулық пен ораторлық қасиеттер ата тегімен таралады. Мысалы, Джон Кеннеди мен оның әкесі - әлемге әйгілі тұлғалар. Екеуі де батыстың билік тізгінін бірінен соң бірі икемді әрі нәтижелі ұстай білді.Егер баласының бойында әкесіне тән көшбасшылық қасиеттері болмаса, әрбір қоғам басшысына қажетті ұстанымдар мен қабілеттерді қалыптастыруға не дамытуға болады. Әлемге әйгілі Демосфен сынды тарихи тұлғаны еске түсірер болсақ, адам қолынан шынымен де көп нәрсе келетініне көз жеткіземіз. Негізі, көшбасшыны топ ішінде сайламаса да, ол өзінің алғыр қасиеттерімен көзге оңай түседі.
Ынталандыру әдістерінің бірі - ата-аналарға алғыс хат жазу. «Өзін-өзі тану» мақтау сөздігінде «Алғыс - өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіру. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды көрінісі. Біреуге қатысты алғыс білдіру ізгілік, адамгершілік, адалдық тұрғысынан күрделі үдеріс болып табылады» -деп көрсетілген. Ата-анамен ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін осы әдісті қолданып, балалардың бойында жақсы оқуға ұмтылу, ата-анасына жетістікке жеткенін мақтанышпен білдіру сияқты іс-әрекетті орындаймын.
Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтыны түсінікті. Жазаланған, яғни тежелген бала жабырқамайды. Ол болған қателікке қайғырады. Сондықтан жазалау үшін оның шындығын толық білуге тырысамын, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға шешім қабылдаймын. Көбіне жазалаудың ескерту және сөгіс түрлерін пайдаланамын. Көшеге қойылған жол белгілерін таспен атқылағаны үшін көше тұрғынынан арыз-шағым түсті. Балалар қателіктерін мойындады және бұл бірінші жасалып тұрған тәртіпсіздік емес еді, бүкіл ұжым кінәлі деп тауып, ата-ана жиналысын жасап, кінәлі оқушыларға ескерту бердім. Бұл жерде істеген іс-әрекетінің теріс екендігін балаға ұғындырдым және істеген теріс ісіне қынжылттым. Жазалауда еске ұстайтын бір нәрсем, жеке адамның абыройын төгіп, намысына тимеу. Сабақ арасында сынып ішіндегі қол жуғыштан су шашып ойнағаны, сынып ішін бүлдіргені үшін өздерінің теріс ісіне көз жеткіздім, талап-қою әдісімен ұштастырдым, жазаның әділдігін ұстандым.
Ұйымдастыру
Тәрбие үрдісін дұрыс, жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде рухани бай дамыған тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы өте әлсіз, зағып, осал болып туады. адам туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз, өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсететіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды»,- деп тәрбиені дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық тәрбиесі деп төртке бөледі.Балаға тәрбие беретін әрбір ұстаз салт дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің жаны таза болуы шарт. Балаға ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттер барысындағы, оқытудағы ұйымдастырушылық қасиеттер арқылы беріледі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық,еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін – өзін басқаруды дамыту.
...