Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Сигналдарды беру теориясы» курсының негізгі түсініктері мен анықтамалары

Автор:   •  Февраль 10, 2022  •  Лекция  •  1,221 Слов (5 Страниц)  •  430 Просмотры

Страница 1 из 5

1 Дәріс. Кіріспе. «Сигналдарды беру теориясы» курсының негізгі түсініктері мен анықтамалары

Дәрістің мазмұны:

  1. Сигналдарды беру теориясы пәніне кіріспе
  2. Байланыс жүйесі
  3. Ақпарат, хабар және сигнал

Сигналдарды беру теориясы — бұл ақпаратты қашықтыққа жеткізу туралы ғылым.

Қазіргі уақытта электрлік сигналдар әр түрлі хабарларды жіберуге және ғарышта объектілерді табуға, өнеркәсіптік объектілер мен ғарыш кемесін автоматты басқаруға, физикалық өлшеулер мен бақылауларды орындауға, электронды компьютерлерді қолдана отырып математикалық есептерді шешуге және басқа да көптеген мақсаттарға қолданылады.Ақпаратты байланыс арналары арқылы беру процесі әрқашан ықтимал, сондықтан сигнал беру теориясы статистикалық зерттеу әдістеріне негізделген. Мұндағы статистикалық әдістердің объектісі - кедергі мен шу ғана емес, сонымен қатар пайдалы сигналдардың өзі.

Сигналдарды беру теориясы курсы біртұтас ғылыми пән болып табылады, оның негізі сигналдар теориясы, бөгеуілге төзімділік теориясы және ақпарат теориясынан құралады.

Байланыс – бұл екі немесе одан да көп нүктелер арасында ақпарат алмасу.

Электроника тұрғысынан қарастырсақ,  бұл бір-бірінен алшақ орналасқан екі немесе одан да көп нүктелер арасында электрондық құрылғы немесе гаджет көмегімен ақпарат алмасу.

Ақпарат алмасу сымсыз (wireless) немесе сымды (wired) түрде жүзеге асуы мүмкін.

Байланыс типтері (немесе топология)

  1. Нүкте-нүкте

[pic 1]

  1. Нүкте – Көп нүкте

[pic 2]

  1. желі

[pic 3]

Байланыс жүйесі дегеніміз – ақпараттың бір нүктеден екінші нүктеге сенімді берілуін жүзеге асыру үшін біріктірілген тізбектер мен құрылғылардың жиынтығы.

Байланыс жүйесінің мақсаты – ақпарат көзі бар сигналды байланыс арнасы арқылы пайдаланушы бағытына жеткізу. Қарапайым байланыс жүйесін 1.1 суретте көрсетілгендей модельдеуге болады.

[pic 4]

1.1 сурет – Байланыс жүйесінің моделі

Электрбайланыс жүйесі – ақпараттың ақпарат көзінен қолданушыға жетуін қамтамасыз ететін таралу аймағы мен техникалық жабдықтар жиынтығы. Бұл ұғымға тарару құралы, байланыс сызығы және қабылдағыш құрылғы кіреді.

Байланыс жүйесі келесі негізгі блоктардан тұрады:

  • дерек көзі (яғни кіріс хабарлама)
  • кіріс түрлендіргіш
  • таратқыш
  •  арна
  • қабылдағыш

шығыс түрлендіргіш

Дерек көзі хабарлама сигналы пайда болған жер болып табылады.

Хабар дауыстық сигнал, электрондық пошта, теледидарлық сигнал немесе деректер болуы мүмкін.

Кіріс түрлендіргіш

Егер деректер электрлік емес болса (адам дауысы, теледидар суреті), оны кіріс түрлендіргіші негізгі жиліктер жолағының сигналы (baseband signal) немесе хабар сигналы (message signal) деп аталатын электрлік толқын пішініне түрлендіруі керек.  

Сонымен, кіріс түрлендіргішінің көмегімен хабарлама сигналы электрлік сигналға айналады.

Таратқыш

Таратқыш сигналы тиімді таратуды қамтамасыз ету үшін кіріс сигналына өзгерістер енгізеді немесе модификациялайды.

Таратқыштың құрамында модулятор, аналогты-сандық түрлендіргіш (ADC), кодалаушы (encoder) және күшейткіш (amplifier) сияқты бірнеше ішкі жүйелер болуы мүмкін.

Арна

Арна арқылы таратқыштан шыққан сигнал байланыс жүйесінің кейінгі бөліктеріне жіберіледі.

Арна физикалық арна (мысалы, талшықты-оптикалық, коаксиальды кабель) немесе сымсыз арна (радиобайланыс) болуы мүмкін.

Арна таратылатын сигналды бәсеңдету және бұрмалау арқылы ішінара сүзгі (фильтр) қызметін де атқарады.

...

Скачать:   txt (18.5 Kb)   pdf (852.7 Kb)   docx (765 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club