Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтау қабілетінің бұзылуы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2019  •  Курсовая работа  •  7,991 Слов (32 Страниц)  •  1,404 Просмотры

Страница 1 из 32

Батыс Қазақстан иновациялық технологиялық университеті

                                                          «Педагогика және психология» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтау қабілетінің бұзылуы

                                             

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе ....................................................................................................................3

І–тарау. Кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтау қабілетінің бұзылуының теориялық негіздері.

1.1. Кіші мектеп жасындағы балаларға жалпы сипаттама..................................6

1.2. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы, оның түрлері.........................................12

ІІ–тарау. Кіші мектеп жасындағы балаларда кездесетін есте сақтау қабілетінің бұзылуын экспериментте зерттеу.

2.1. Кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтау қабілетінің бұзылуын анықтау.................................................................................................................18

2.2. Кіші мектеп жасындағы балаларда кездесетін  есте сақтау қабілетін түзете дамыту жолдары.......................................................................................19

Қорытынды..........................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................25

КІРІСПЕ

                 Зерттеудің өзектілігі: Есте сақтау қабілеті  – психикалық өмірдің маңызды сипаттамасы. Сондықтан есте сақтау қабілеті мәселесі –  психологияның назар көп бөлінген  және  көп зерттелген мәселелерінің бірі. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Біздің әрбір толғанысымыз,  әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып,  қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді.

            Естің физиологиялық негіздерін И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіруге болады. Жүйке жүйесінің пластикалылығы түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын  зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді. Бір нәрсені есте сақтау оны байланыстыру деген сөз.          

        Бүгінге дейін өзінің  ғылыми мәнін жоғалтпаған, есте сақтау қабілеті эксперимент арқылы зерттеудің алғашқы амалдарын жасаған,  есте сақтау қабілетінің ең бірінші психологиялық теорияларының бірі  – ассоциативті теория болды.  Ол ХVІІ ғасырда туды,   Англия мен Германияда тарау алып, танылды. Аталмыш теория негізінде ассоциация түсінігі –  Г. Эббингауз,    

 Г. Мюллер, Ф. Шульман және А. Пильцепермен бірлесіп  зерттеген –  белгілі бір психикалық феномендер арасындағы  байланысы жатыр.

        Есте сақтау қабілетінің қызметі ретінде зерттеу француз ғалымы П. Жане жұмысымен басталды. Ол есте сақтау қабілетінің  ең бастысы  материалды есте сақтауға, өңдеуге және ұғындыруға бағытталған  әрекет ретінде қарастырды. Есте сақтау қабілеті дамуының түрлі деңгейінде осы қызметтің сипаты әртүрлі, бірақ барлық кезең үшін ортақ болатыны – өткенде болғанмен, бірақ Ж. Пиаже есте сақтау қабілетінің мақсаты өшкен өткенді жеңу деп таныған.

...

Скачать:   txt (100 Kb)   pdf (354 Kb)   docx (41.7 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club