Имидж қалыптастырудың технологиялары
Автор: bekzattolemis • Март 30, 2021 • Практическая работа • 1,204 Слов (5 Страниц) • 1,040 Просмотры
Пәні: Психология
Тақырыбы: "Имидж қалыптастырудың технологиялары"
Орындаған: Толемис Бекзат
С-20-3тобының студенті
2021 жыл
"Имидж қалыптастырудың технологиялары"
Мінез-құлық, іс-әрекет стилін құрастыру механизмдері өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған психологиялық теорияларға негізделген. «Өзін-өзі бағалау» түсінігінің өзі маманның қызметі кәсібилігін және тұлғасының кәсібилігін дамытудың даралық ерекшеліктерінің көрініс табуын айқындайды. 88 Өзін-өзі бағалауы маманның кәсіптік және тұлғалық деңгейіне пара-пар немесе көтеріңкі болғанда, сол маманның қызметі тиімдірек болатыны жалпыға белгілі. Адамға өзінің мінез-құлық, іс-әрекетін моделдеу қажет, өйткені ол оның «көпшілік алдындағы тұлғасы», яғни қандай да бір тұлға/персона ретінде көрінуі, басқа адамдарға қатысты «өзін көрсету» болып табылады. «Тұлға» немесе персона термині индивидтің әлеуметтік талаптарға сай орындауы тиіс көптеген рөлдерді айқындайды. К. Юнганың пайымдауынша, персона өзгелерде өзі туралы өзгеше әсер туғызу немесе өзгелерден өзінің шынайы болмысын жасыру мақсатына қызмет етеді. Эрик Эриксон индивидумға әр дағдарысты лайықты шешу мақсатында өзара тәуелді белгілі бір модельдер тән деген тұжырым айтады. Оның адам дамуы шексіз, ол бүкіл өмір сүру циклі бойына жалғасып келеді деген пікірімен келісуге тура келеді. Адамның өміріне толассыз өзгерістер тән, өмір бойы ол қандай да жаңа қасиеттерге ие болады, ескі сипаттарын жоғалтады. Э. Фроммның айтуынша, адам өзінің іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы әлеуметтік нормаларға абсолюттік бағынуды реттейді: индивидум өз-өзімен болуды тоқтатады; ол қандай да бір мәдениет моделі талап ететін тұлғаның типіне айналады, сондықтан ол өзгелерге ұқсай бастайды, басқаша айтқанда, ол оны өзгелер қандай етіп көргісі келеді, дәл сондай болып шығады. Адамдар қауіпсіздік сезіміне ұқсас болып келетін тұрақтылық пен беріктік сезімдеріне деген қажетілікті сезінеді. Гордон Оллпорт адамның мінезқұлық, іс-әрекеті үнемі даму, өзгеру үстінде болады, кез-келген адам өз өмірін қандай да бір тұрақтылыққа негіздегенімен, тұлға қозғалмайтын болмыс емес деген ой айтады. Бұған түсініктемені Г. Оллпорт «белгілер» деген тұжырымдамасында көрсеткен, онда ол «талдау бірлігін» неғұрлым ақиқатқа жақын деп есептейді. Белгі – жағдаяттардың кең диапазонында өзін-өзі үйлес бейнеде ұстауға бейімділік. Г. Оллпорт теориясы адамның мінез-құлық, ісәрекеті уақыттың өтуіне қарай және түрлі жағдаяттарда салыстырмалы түрде тұрақты болып келеді дегенді айтады. Белгілер – көптеген ынталарды қайта жасаушы және көптеген эквивалентті кері реакцияларды қажет ететін психологиялық ерекшеліктер. Г. Оллпорттың пайымдауынша, тұлғаның белгілері ерекше ынталар мен реакциялардың біршама аз түрімен байланысты емес, олар жалпыланған және тұрақты болып табылады. Көптеген ынталардың жауаптарының ұқсастығын қамтамасыз ете отырып, тұлғаның белгілері адамның мінез-құлық, іс-әрекетіне әжептәуір тұрақтылық реңк береді. Г. Оллпорт жеке-дара диспозициялары ретінде индивидумның басқа адамдармен салыстыруға болмайтын сипаттарын көрсетеді. 1 Тұлғаның белгілері де, жағдаяттық айнымалылар да мінез-құлық, ісәрекеттің маңызды детерминанттары болып табылады. Реймонд Кеттел қандай да бір жағдаятта нақты бір адамның мінез-құлық, іс-әрекетін болжау қиын екенін атап көрсетеді. Болжаудың нақтылығын арттыру үшін әлеуметтанушы 1 Л. Хьелл, Д. Зиглер. Тұлға теориясы. – СПб.: Питер Ком, 1998. 89 тек тұлғаның бойындағы белгілерді ғана емес, сонымен қатар сол тұлғаның белгілеріне жатпайтын дәл сол сәттегі адамның көңіл-күйі, жағдаяттың талабына сай әлеуметтік сипаттық рөлі сияқты айнымалы белгілерді де қарастыруы керек. Мінез-құлық, іс-әрекет белгілер мен жағдаяттық айнымалылардың өзара әрекетімен анықталады. Қоршаған орта қалыптастырған белгілер әлеуметтік және табиғи ортаның әсерлеріне тікелей байланысты. Бұл белгілер мінез-құлық, іс-әрекеттің үйрену барысында игерілген сипаттамасы мен стилін көрсетеді және тұлғаға қоршаған ортасы айқындап берген модельді қалыптастырады. Р. Кеттел белгілерді ортақ және бірегей деп топтауда үлкен мән бар деген пікір айтады. Ортақ «белгі» – бір ғана мәдениет өкілдерінде әр түрлі деңгейде болатын ортақ ерекшелік. Мысалы, өзін-өзі бағалау, зияткерлік және интроверсия ортақ белгілерге жатады. Керісінше, бірегей белгілер – бір адамда немесе бірнеше адамда ғана болатын қасиеттер. Р. Кеттел бірегей белгілер қызығушылықтар мен мақсаттар аясында жиі көрінеді деген ой айтады. Джулиан Роттер жағдаяттық контекстің маңызды рөлін және адамның мінез-құлық, іс-әрекетіне ықпалын ерекше атап көрсетеді. Ол өз теориясын түйінді тітіркендіргіштердің жиынтығы белгілі бір әлеуметтік жағдаятта адамда мінез-құлық, іс-әрекеттің нәтижелерін күтуді, яғни бекітуді туғызады. Ерекше бір жағдаяттағы қандай да бір мінез-құлық, іс-әрекеттің әлеуетін болжау үшін Д. Роттер келесі формуланы ұсынады: мінез-құлық, іс-әрекеттің әлеуеті = болжау + бекіту құндылығы. Мінез-құлық, іс-әрекетті жасау механизмін зерттеу бойынша жасалған талдаулар негізінде келесідей қорытынды жасауға болады: - адамдар әлеуметтік ниеттену арқылы уәжге ие болады; - рөлдік мінез-құлық, іс-әрекет қажетті әсер тудыру сияқты әлеуметтік талаптарға тәуелді; - тұлғаның мінез-құлық, іс-әрекеті адам бойындағы қасиеттердің өзгеруіне және олардың жаңа сипатқа ие болуына тәуелді; - әлеуметтік нормалар мінез-құлық, іс-әрекетті реттейді. Байланыстардың тұрақтылығы мен беріктігі адамдарға аса қажет, оларға әлеуметтік нормаларды қолдау арқылы ғана қол жеткізуге болады; - адамның мінез-құлық, іс-әрекеті сан алуан жағдаяттарда тұрақты; - тұлғаның жалпы сипаттары және жағдаяттардың айнымалылығы мінезқұлық, іс-әрекеттің детерминанттары болып табылады; - мінез-құлық, іс-әрекет адамның дәл осы сәттегі көңіл-күйіне, нақты әлеуметтік рөліне, жағдаяттың талаптарына тәуелді; - сыртқы факторлардың адамдарға әсері бірдей емес; - мінез-құлық, іс-әрекет әлеуметтік жағдаяттардың түйінді қоздырғыштарына тәуелді. Сонымен, мінез-құлық, іс-әрекетті жасау әлеуметтік талаптарға және қоршаған факторларға реакцияның сайма-сайлығына тәуелді. 90 Зерттеуші Альберт Бандура адамның мінез-құлық, іс-әрекеті көбінесе сананың төменгі деңгейінде әрекет ететін бірқатар ішкі үрдістерге бағынатынын атап көрсетеді (мысалы: құштарлық, ниет, қажеттілік). А. Бандура жасаған модель – өзара детерминизмнің үштігі (триадасы) мінез-құлық, іс-әрекетке қоршаған орта әсер еткенімен, ол жартылай адам қызметінің жемісі болып табылады, яғни адамдар өздерінің мінез-құлық, ісәрекетіне ықпал ете алады. Көрсеткіштер (әрекет векторлары) екі жаққа да бағытталған, бұл үш айнымалының әрқайсысы өзара детерминизм моделінде екінші айнымалыға ықпал етуге қабілетті. Нәтижесінде А. Бандура былай деп пайымдайды: ашық мінез-құлық, ісәрекет пен қоршаған жағдайлар арасындағы өзара ықпал етудің екі жақты бағыты болуы себепті адамдар өз ортасында әрі өнім, әрі сол ортаны тудырушы болады. Сөйтіп, әлеуметтік-когнитивтік теория танымдық, аффективтік және өзге де тұлғалық факторлар мен қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар өзара тәуелді детерминант ретінде жұмыс істейтін өзара себепкерлік моделін суреттейді. А. Бандураның көзқарасынша, адамдар қандай да бір мінез-құлық, ісәрекет реакциясының когнитивтік бейнесін модель мінез-құлық, іс-әрекетін бақылау арқылы қалыптастырады, одан ары қарай бұл кодталған ақпарат олардың іс-әрекетінде бағыт-бағдар ретінде қызмет етеді. Бандураның өзін-өзі нәтижеге жеткізу тұжырымдамасы адамдардың айрықша міндеттер мен жағдаятқа сәйкес мінез-құлық, іс-әрекет қолдану қабілеттерін саралай білуге қатысты болады. Нәтижелілікті бағалай білу мінез-құлық, іс-әрекет көрсетуге, уәждемеге және эмоциялардың тууына ықпал етеді. А. Бандураның пікірі бойынша, өзін-өзі нәтижеге жеткізе алатынын білген адамдар өз мүмкіндіктеріне күмәнмен қарайтын өзге адамдарға қарағанда, күрделі жұмыстарды атқаруда көп күш салады, барынша тырысады. Өз кезегінде өзін-өзі нәтижеге жеткізудің табыстылықты күтуге байланысты жоғары деңгейі жақсы нәтижелерге жетелейді, сөйтіп, өзін-өзі сыйлаудың өсуіне мүмкіндік туғызады. Керісінше, өзін-өзі нәтижеге жеткізудің сәтсіздікті күтуге байланысты төмен деңгейі сәтсіздіктерге жетелейді, сөйтіп, өзін-өзі Ашық мінез-құлық Тұлғалық факторлар Ортаның ықпалы 91 сыйлау деңгейі төмендейді. Күрделі немесе қауіпті жағдаяттарды жеңе алмаймын деп есептейтін қызметкерлер бар ынта-жігерін өздерінің әлсіз тұстарына арнауы мүмкін, соның нәтижесінде бұл тапсырманы орындауға шамалары келмей қалады. Өзін-өзі нәтижеге жеткізудің жоғары деңгейіне ие қызметкерлер өздеріне ойша сәтті шығатын сценарий жасайды, бұл өз кезегінде мінез-құлық, іс-әрекетті реттеу үшін жағымды бағыттарды қамтамасыз етеді және саналы түрде әлеуетті мәселелерді сәтті шешудің дайындығы болып табылады.
...