Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерттеу

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Доклад  •  874 Слов (4 Страниц)  •  329 Просмотры

Страница 1 из 4

Зерттеу объект пен пәнді анықтаудан басталады. Зерттеу объектісі ретінде зерттеушінің белгілі
бір кезеңде әлеуметтік субъект ретіндегі теорияның және практикалық
іс-әрекетінің пәні болатын, объективті шындықтың бөлімі қарастырылады. Зерттеу 
пәні ретінде тәжірибеде көрсетілген және
адамның практикалық іс-әрекеті процесіне қатысатын белгілі шарттар мен
жағдайларда белгілі бір мақсатпен анықтайтын, объектінің жақтары, қасиеттері
және қатынастары қарастырылады. Объект туралы біліміміз дами түскен жағдайда,
оның жаңа қырлары ашылып, танымның пәніне айналады. Ол объектінің бөлігі, жағы,
элементі болады. Мысалға, зерттеу объектісі ретінде жеке адам немесе тұлға, ал
зерттеу пәні ретінде жеке адамның бір қасиеті ғана бола алады (мінез,
темперамент қабілет).

Сондықтан да зерттеуші өз зерттеуінде объект пен пәнді
нақты анықтап алу керек. Зерттеу тәжірибесінде зерттеу объектісін ырықты түрде
ғана көрсетіп, әрі қарай жұмыс барысында оған оралмайды. Дегенмен де зерттеу
объектісін анықтау - бұл ресми емес, зерттеуші ғалымды кең және тар мағынада
зерттеу пәнінің мәні мен орнын анықтауға бағдарлайтын мазмұнды ғылыми категория.
Зерттеу объектісі мен пәнінің арасындағы өзара байланысты көтеруде, біз
зерттеудің теориялық деңгейін, оның әдістемелік нақтылығы мен бірегейлілігін
көтеру жолын аңғарамыз.

Зерттеу мәселесі жанама түрде зерттеу объектісімен
байланысты, дегенмен де өзінің ерекшеліктері бар. Зерттеу мәселесі қандай да
бір мәселелік жағдайдың сипаттамасы. Зерттеу пәнінің қалпы мен зерттеу
объектісінің тиімді қызмет көрсету талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтың
кескінінің сипаттамасы. Зерттеу мәселесі әрқашан зерттеу пәнін жетілдірумен
аңғарылатын қарама-қайшылықтардың себептерін анықтаумен, зерттеу пәнінің қызмет
көрсетуінің сапасы мен тиімділігін көрсетуге бағытталған, қолданылатын
шараларды құрастырумен байланысты. Сондықтан да, зерттеу пәні мысалға,
қабілеттіліктер болса, ал зерттеу объектісі - жеке адам, ал зерттеу мәселесі адамның
қабілеттіліктерінің дамуы, қалыптасуы және тағы басқа бола алады.

Кезкелген ғылыми зерттеудің мақсаты ретінде қандай да бір
мәселені шешу болып табылады. Тәжірибелі түрде зерттеу мәселесі зерттеу мақсатына
айналады, яғни психолог туындаған қандай да бір мәселені шешеді.

Міне, зерттеу жұмысының практикасында ескеретін, зерттеу
объектісі, пәні, мақсаты мен мәселелерінің арасындағы байланыс осындай.

 

 

2. Зерттеу
міндетін қою және болжамды құрастыру

 

 

Зерттеу мақсаты зерттеудің бірнеше нақтылы міндеттер
қатарына бөлінеді. Зерттеу міндеттерін зерттеуші туындаған мәселені теориялық
талдау мен оның практикада шешілу қалпын бағалау негізінде жүзеге асырылады.

Теория мен практиканың қалпын талдаумен қандай да бір
мәселені шешу, біріншіден осы сұрақты психологиялық әдебиеттерден іздеп
танысудан басталады. Әдебиеттермен жұмыс істеуде, тәжірибенің көрсетуінше
мынадай ерекшеліктерге көңіл бөлу керек:

-            
автордың негізгі
идеясы, зерттелетін мәселе бойынша оның позициясы;

-            
мәселе бойынша
автор нені жүзеге асырған;

-            
оның позициясы
дәстүрліден несімен ерекшеленеді, осы мәселе бойынша қандай жаңашылдық қосқан;

-            
автордың қандай
идеялары сәтті түрде аргументтелген, қайсысы дұрыс емес;

-            
қандай идеялар,
қорытындылар, ұсыныстар қарама-қайшылықты көрсетеді және неліктен;

-            
осы мәселе
бойынша қандай міндеттерді әрі қарай шешу керек.

Осындай
тұрғыда әдебиеттерді түбегейлі талдау, адамға өз зерттеуінің жобасын немесе моделін
 құрастыруға көмек береді. Зерттеу
міндеттері келесі элементтерден тұруы мүмкін (олар ғылыми мәселенің сипатына
байланысты өзгеріп отырады):

-     
жалпы мәселеге
енетін, белгілі теориялық сұрақтарды шешу (мысалға, зерттелетін психологиялық
түсініктің, құбылыстың мәнін анықтау, әрі қарай оның анықтамасын жетілдіру,
қызмет көрсету деңгейлерін, белгілерін, тиімділік критерилерін, қолдану
принциптері мен шарттарын, және т.б. құрастыру);

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (92.7 Kb)   docx (147.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club