Заманауи психологияның салалары
Автор: гайни • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 837 Слов (4 Страниц) • 10,618 Просмотры
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
БӨЖ
Пәні:Психология
Тақырыбы: Заманауи психологияның салалары
Орындаған:Әзімханова Ғайни
Тобы: ЭЭМ-011
Қабылдаған: Арыстанбаева А
Түркістан 2021
Жоспар
1.Кіріспе
1.1 Психология ғылым ретінде
2.Негізгі бөлім
2.1 Психологияның орны мен міндеттері
2.2 Психологияның әдістері
2.3 Психологияның даму тарихы
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:
а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.
[pic 2]
[pic 3][pic 4]
[pic 5][pic 6]
Психологияның орны мен міндеттері
- Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады
- Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (кӛне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (кӛне грекше: -λογία — сӛз, ғылым, тану) деп танылады. Ӛзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды.
Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология
- И.С.Кон былай деп жазады: « Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде оның барлық жеке қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы дамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынас субъектісінде көреді.»
- тұлға дегеніміз –ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі меноны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Психологияның әдістері
- Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуедлік көптеген әдіснамалық құралдарымен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріңістердің бірлігінде зерттеледі. Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары бойынша кез келген психикалық құбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың бірлігінде қаралыстырады.
- Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобы қолданымын табуда: Ұйымдастыру әдістері ӛз ішіне салыстыру әдісі (әрқандай топты жасы, қызметі ж.т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар ӛкілдері қатысып, бір объектті жан-жақты, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
- Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер: бақылау мен ӛзіндік бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу - әдістері; шығармашылық, ісәрекет ӛнімдерін талдау әдістері; ӛмірбаянымен танысу әдістері. Деректерді ӛңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
- Реттеу - түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі. Психология ғылымының салалары. Дамудың қaзipгi кезеңіндегі психологиялық ғылым- ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесi болыптабылады. Психологияның жеке салалары ӛзара тығыз байланысты. Қaзipгi кезде психология ғылымының қырыққа жуық салалары бар. Осы ғылымның кейбір салалары: еңбек, яғни нақты ic-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан психология ғылымы - педагогикалық,медициналық, әскери, инженерлік, жас ерекшелік, спорт, әлеуметтік, салыстырмалы т.б. болып, бірнеше салаларға бӛлінеді.
- Психолгиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады. Объективтік дүние әр уақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін. Егер де психикалық құбылыстар үздіксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға бағытталған кез келген зерттеулерді құру міндетті түрде қарастырылуы қажет.
Психологияның даму тарихы
Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.
...