Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеке адамның психологиялық құрылымы (бағыттылығы, мінезі, мүмкіншіліктері, басқару жүйесі) Эмоция және сезімдер туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Реферат  •  2,707 Слов (11 Страниц)  •  543 Просмотры

Страница 1 из 11

2- ші аралық бақылау.      Орындаган  Сманғали Сезім

Тақырыбы  Жеке адамның психологиялық құрылымы (бағыттылығы, мінезі, мүмкіншіліктері, басқару жүйесі) Эмоция және сезімдер туралы жалпы түсінік. Сезімнің түрдері. Эмоциялық күйлер. Өткен тақырыптар бойынша глоссарий құрастыру.

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан  XIX ғасырға дейін созылады.  Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын,   адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын   қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі  – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың  өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың  бірі  греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны  жақтады.  Олар жағымсыз  сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.

Сексуалдық яғни, жыныстық ынтығу.

«Мен» яғни, өзін-өзі қорғауға ынтығу.

Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп есептеді. Адам қажеттіліктері:  материалдық, рухани болып  бөлінеді. Адамда екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу. Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық. болғанымен  оның белсенділік әрекетінің қозғаушы  күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар .  А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады. Олар,  Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше «жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы  адам тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. «Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра дәріптейді.Философиялық - әдебиеттік және клиникалық тұрғыдан қарастыру кезеңі тұлға мәнін түсінудің алғашқы қадамы деуге болады.Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік   құрған адамды  атомдық тұрғыдан   қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті.Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.

...

Скачать:   txt (40.1 Kb)   pdf (86.9 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club