Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете- дамыту көмегін көрсету жүйесі

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Творческая работа  •  642 Слов (3 Страниц)  •  1,215 Просмотры

Страница 1 из 3

Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете- дамыту

көмегін көрсету жүйесі

Жалпы балалардың психофизикалық дамуын зерттеуге бағытталған стандартталған әртүрлі скрининг әдістері

1 деңгей

2 деңгей

3 кезең

4 кезең

5 кезең

Балалардың психофизикалық дамуындағы ауытқуларға скрининг өткізу. Ерте жастағы айқындау жұмысының туу мекемелерінде өткізілуі жұмыс тиімділігін арттыра түседі. Алайда, жаңа туылған нәрестелік кезде анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге сай генетикалық және әлеуметтік факторлар ауытқулар ретінде көрініс таппайтындығын ескерген жөн. Сондықтан скринингтің келесі кезеңі алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жүргізіледі. Скрининг белгілі жас кезеңдерінде қайталануы тиіс.

Психофизикалық дамуға ПМПК-да терең зерттеу жүргізу. Екінші кезең зерттеуін әртүрлі мамандар бірлесіп жасайды. Мамандар пәнаралық зерттеу нәтижесінде баланың психофизикалық даму барысына баға беріп, әлеуметтік бейімделу дәрежесін анықтайды. Мұның қосар үлесі зор.

Түзету жұмыстары. Анықталған ауытқуларды түзету жұмыстары арнайы бала бақшаларда, жалпы бала бақщалардағы арнайы топтарда, психолого-педагогикалық түзету кабинеттерінде, бейімдеу орталықтарында және логопедтік бөлімшелерде жүргізіледі.

Ерте жастағы түзету-педагогикалық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру. Бұл деңгей жұмыс барысында алынған мағлұматтарды жүйелеу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын өткізу, түзету жұмыстарының барлық бағыттарын жетілдіруді қамтиды.

Мемлекеттік-құқықтық қамсыздандыру. Қазақстан республикасында денсаулықты сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған орталықтанған мемлекеттік басқару мекемелері жұмыс істейді. государственно-правовое обеспечение. Бұл мекемелердің құзырына мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және түзету-педагогикалық көмек көрсету жатады. Балаларға көрсетілетін мелекеттік түзету-педагогикалық көмек республикалық және жергілікті қаржыландыру мен әртүрлі қорлар мен мекемелер көмегі арқылы жүзеге асырылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмектің дұрыс ұйымдастырылуы үшін нормативтік-құқықтық базаны үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Ерте жаста түзете-дамыту көмегін көрсетудің негізгі принциптері

      ЖДБ-сының мазмұны ерте жастағы бала тәрбиесіндегі жалпы дидактикалық принциптер негізінде құлыдады. Бағдарламаны құру барысында түзету жұмысының мынадай негізгі бағыттары ескерілуі қажет: оқыту мен тәрбиенің ғылымилығы мен жүйелілігі, қол жетімділігі және көрнекілігі, баланың білімді игерудегі белсенділігі мен дербестігі, баланың жастық және жеке бас ерекшеліктері, оқыту мен күнделікті өмірдің байланысы.

Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету барысында олардың психологиялық даму деңгейіне сай төмендегі ерекше дидактикалық принциптерді қолдану қажет:

1. Онтогенетикалық принцип: түзету-педагогикалық жұмысты жоспарлап, іске асыру кезінде бала дамуындағы ақыл-ой және жеке бастық қасиеттердің жасқа байланысты өзгеріп отыруын ескеру қажет.

2. Жеке бастық-бағдарлық принцип: түзету-педагогикалық процессті жоспарлауда баланың психикалық даму ерекшеліктері зерттеліп, ескерілуі тиіс. Бала дамуындағы ауытқуларды зерттеудің сандық және сапалық нәтижелері түзету жұмысын жоспарлаудағы негізгі бағдар болып табылады. Зерттеу нәтижелері баланың қоршаған ортамен байланысының шектелу дәрежесін, баланың психикалық даму және қызығушылықтар ерекшелітерін, мүмкіндіктері мен қабілетін анықтайды. Аталған принцип әр түрлі психофизикалық жағдайдағы балаларға жеке дамыту бағдарламасы мен жіктелген оқыту түрін қолдануды меңзейді.

3. Дамыта оқыту принципі. Бағдарлама бала мүмкіндіктері мен жеке тұлғалық қасиеттерін арттыруға, оның денсаулығын нығайтып, психикалық дамуын жас деңгейіне сәйкестендіруге бағытталады. Яғни, арнайы білім беру мекемелері мен отбасында бала мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай туғызылуы тиіс.

4. Даму барысындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзету жұмыстарының біртұтастығы. Бұл принципті орындау үшін баланың психикалық дамуын, жастық және жеке бастық қасиеттерін зерттеп, психофизикалық талпындыруға бағытталған жоба құру қажет.

5. Іс-әрекеттік принцип. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі баланың онтогенездегі психикалық қалыптасуына іс-әрекеттік әсердің маңыздылығы қарастырылады. Бағдарлама әр жас кезеңіндегі жетекші іс-әрекет түрін дамытуға бағытталуы тиіс. Түзету жұмыстары баланың күнделікті жағдайдағы заттық-практикалық іс-әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады.

6. Кешенді көмектің түзету бағыттылық принципі: Түзету бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі баланың жоғалтқан қызметтік функцияларының орнын толтыруға бағытталуы тиіс. Сабақ барысында түзету және орнын толтыру мақсатында арнайы әдіс-тәсілдер қолданылады.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (101.8 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club