Ерте жастағы баланың дене дамуының қалыптағы көрсеткіштері
Автор: muarmu • Сентябрь 29, 2020 • Доклад • 1,347 Слов (6 Страниц) • 822 Просмотры
1. Жалпы ерте көмек көрсету жүйесінің пайда болуы
2. Шет елдердегі МШБ түзете-дамыту көмек көрсету жүйесінің даму кезеңдері
3. Шет елдердегі МШБ түзете-дамыту көмек көрсету жүйесінің негізін салушылар
4. АҚШ-тағы МШБ түзете-дамыту көмек көрсету жүйесінің ерекшеліктері
5. Рессейдегі МШБ түзете-дамыту көмек көрсету жүйесінің ерекшеліктері
6. Франциядағы МШБ түзете-дамыту көмек көрсету жүйесінің сипаты
Қазақстан мен ТМД елдерінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезеңінен бастап ерекше демографиялық жағдай туындап дүниеге сәбилердің келу көрсеткіштерінің аса төмендеуі, халық арасындағы өлім-жетімнің көбеюі, және халықтың табиғи өсу төмендеуінең байқалды. Бұл жерде аналар денсаулығының нашарлауы, жүктілік және босану кезіндегі асқынулар да айқын әлеуметтік-экономикалық сипат алады. Осы жағдайларға байланысты соңғы жылдары елімізде мүгедек балалардың саны өсіп, мамандардың назарына түсті. (Сүлейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д.)Барлық экономикалық қиыншылықтарды ескере отырып, балалардың дамуындағы кемістіктерді түзетудің ең нәтижелі жолы - ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру. Бірқатар шет елдегі және отандық зерттеулер көрсеткендей түзетушілік әсер етуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым нәтижелі болады. (Ерсарина А.К., Стребелева Е.А., Сүлейменова Р.А. Разенкова Ю.А. т.б.)Қолайлы ерте көмек көрсету маңыздылығы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Мектепке дейінгі жастағы, мектеп жасындағы балалардың, жеткіншектердің және ересектердін денсаулығының негізі осы ерте жаста қаланады. Осы кезде ағзаның барлық морфологиялық және функционалды жүйелері құрыла бастайды.
Ерте коррекциялық көмек көрсетудің негізі- сәбилер мен ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық дамуын жан-жақты зерттеу болып табылады.Ерте коррекциялық көмек көрсету тәжірибесін іске асыру нақты түзетушілік нысаның анықтаудан басталады. Көптеген мамандардың ойы бойынша мұндай жұмыстар тек дамуында белгілі бір кемістіктері бар балалармен ғана емес, сонымен қатар болашақта әлеуметтік бейімделуі қиын болу мүмкіндігі бар балалармен жүргізілуі тиіс. Осындай кешенді көмекті талап ететін балаларды анықтаудың негізгі құралы жалпы скрининг әдістемесі болып табылады.Дамуында тежелістері бар балаларға арналған ерте жаста педагогикалық араласу бағдарламаларының тиімділігінің алғы шарты ерте жастағы жүйелі бағалау жұмысы болып табылады. Бағалау жұмысы психикалық онтогенездің бастапқы кезең ерекшіліктеріне негізделеді. Бұл шақта бала жылдам даму ерекшелігіне ие. Сондықтан осы кездегі даму барысындағы мардымсыз кішігірім ауытқулардың өзі жас ұлғая келе күрделі мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ерте жаста атқарылатын түзету жұмыстарының мүмкіндіктері де мол. Себебі бұл кезде бала психикасы икемді, сезімтал, әрі сыртқы әсерді қабылдағыш келеді. Ерте жастағы балаларға арналған тесттер, әдетте, шкала түрінде құрылады. Тест ерте жастағы баланың психикалық дамуын бақылауға арналған белгілі жастық нормативтік көрсеткіштерді қамтиды. Даму деңгейін бағалау баланың нормативтік тапсырмаларды орындау барысы мен ондағы қалыптасқан дағды, қасиеттерді анықтауға бағытталады. Нормативтер стандартты іріктеу кезінде алынған дамуы қалыпты балалардың жастық көрсеткіштерімен салыстырылады. Нормативтерді салыстыру арқылы «ақыл-ой (психикалық)» және «хронологиялық» жас көрсеткіштері анықталады. Анықтау барысында психикалық даму деңгейлерінің сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі. Л.С.Выготский бұл әдісті «даму деңгейін жасатық нормалар мен стандарттар арқылы зерттеу» деп атап өткен. Жаңа туылған балалардың жағдайын анықтау үшін сәби мінез-құлқын бақылауға арналған Neonatal Behaviorial Assesment Scale (NBAS) шкаласы қолданылады. Зерттеу барысында жаңа туылған баланың рефлекторлық іс-әрекеті мен мінез-құлқы және сыртқы әлеуметтік ынталандыруларға қайтаратын жауапты іс-әрекет көрсеткіштері бағаланады. Шкала көмегімен баланың дамуына кедергі келтіретін ата-ана іс-әрекеттерін анықтауға болады. Бұл құралдың негізгі құндылығы болып табылады. Психофизикалық даму ауытқулары бойынша «тәуекел» тобына жататын балаларды (1 ай мен 6 жас аралығы) анықтауға Denver Developmental Screening Test құралы кеңінен қолданылады. Жастық нормаларды салыстыру арқылы келесі даму салалары бағаланады: ірі және ұсақ моторика, тілдік және әлеуметтік дамуы. Шет ел психологиясында ойын терапиясыдиагностика мен түзету жұмыстарында кеңінен қолданысқа енген. Ойын терапиясы бала дамуын зерттеудегі психоаналитикалық тәжірибенің айырылмас бөлігі болып табылады. Бала ойынын талдау әдісі көптеген ерте жастағы кірігу бағдарламаларында қолданылады.
...