Апталық рефлексия
Автор: Арайлым Изтаева • Апрель 11, 2026 • Лекция • 958 Слов (4 Страниц) • 18 Просмотры
Апталық рефлексия әдістері арқылы оқушының бағалау дағдыларын дамыту
Ниязалина Анар Сериковна
Ақтөбе қаласындағы жаратылыстану - математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
niyazalina_a@akb.nis.edu.kz
Аннотация
Бұл мақалада апталық рефлексия әдісін қолдану арқылы оқушыларды өзін-өзі бағалауға және мақсат- міндеттерін немесе фокусты қай жағынан қоя білудің тиімді жолдарын қарастырады. Апталық рефлексияның оқушы тұлғасын дамытудағы рөлі айқындалып, өзін-өзі бағалау, жетістікті саралау сияқты әдістердің маңызы сипатталады. Зерттеу нәтижесінде рефлексияның оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, жауапкершілігін, сыни көзқарасын қалыптастыруға, мінез-құлқын, күн тәртібін реттеуге ықпал ететіні дәлелденеді. Мақала мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, жатақхана тәрбиешілеріне және білім беру саласының мамандарына арналған.
Кілт сөздер
Апталық рефлексия, өзін-өзі бағалау, мотивация, кері байланыс.
Кіріспе
Қазіргі білім беру үдерісінде оқушының тек білім алуы ғана емес, оның өзін-өзі тануы, эмоциясы мен сезімін басқаруы, ішкі мүмкіндіктерін бағалауы, жауапкершілік алуы маңызды орын алады. Осы тұрғыда апталық рефлексия – оқушының іс- әрекетіне саналы көзқарас қалыптастыратын тиімді құрал. Әсіресе апталық рефлексия әдістері оқушыға өз жетістігі мен кемшілігін саралап, алдағы күніне нақты, қолжетімді және өлшенетін мақсат қоюға мүмкіндік береді. Бұл әдіс үздіксіз даму қағидатына негізделген.
Мұндай әдісті қолданудың бірден-бір себебі оқушылардың өз уақыттарын тиімді қолдана алмауы, гаджеттер әлемінің құрсауына ілінуі, ертеңгі күніне жоспарының шикілігі, эмоциясын басқара алмауы, оқу процесін қадағалауының аздығы т.б. болған болатын. Сонымен оқушының өз-өзіне апталық қорытынды жасай алауы дәлірек атап көрсетсек не бере алады?
- Өзін-өзі тану мен өзіндік сана қалыптастырады
Апталық рефлексия оқушыға өз сезімін, ойы мен әрекетін талдауға мүмкіндік береді. «Маған қиындау болғаны не?», «Менің жетістіктерім қандай?», «Мен өзіммен мақтана аламын ба?», «Келесі аптада нені жақсартқым келеді?», «Менің көңіл-күйім қандай?» деген сұрақтар арқылы оқушы өзін тереңірек танып, жеке ерекшеліктерін аңғара бастайды.
- Өзін-өзі бағалау дағдысын дамытады
Апталық рефлексия барысында оқушы өз жетістігі мен кемшілігін шынайы бағалауға үйренеді. Бұл өзіне деген сенімділікті арттырып, негізсіз өзін төмен немесе жоғары бағалаудың алдын алады.
- Эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастырады
Жасөспірімдік кезеңде эмоциялық құбылмалылық жиі кездеседі. Апталық рефлексия сезімді сөзбен жеткізуге, күйзеліс пен алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі. Бұл психологиялық саулықты сақтаудың тиімді тәсілі.
- Мақсат қою және жауапкершілік артады
Апталық рефлексия өткен аптадағы әрекеттерді саралай отырып, алдағы аптаға нақты мақсат қоюға жетелейді. Нәтижесінде оқушы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жоспарлауға дағдыланады.
- Сыни және рефлексивті ойлауы дамиды
Апталық рефлексия оқушының өз әрекетіне сыни көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді. Ол себеп–салдарлық байланыстарды түсініп, шешім қабылдау қабілетін жетілдіреді.
- Мотивация артады
Өз жетістігін көріп, оны талдай алған оқушыда алға ұмтылу, өзін дамытуға деген ішкі мотивация қалыптасады. Апталық рефлексия жетістікке жетудің кезең-кезеңімен жүзеге асатынын түсіндіреді.[pic 1]
Апталық рефлексия кестесінің үлгісі (электронды нұсқадан сканерленген)
Сынып жетекші, куратор, тәрбиешінің негізгі міндеті – оқушының оқу жетістігін ғана емес, оның тұлғалық дамуын, эмоционалдық жағдайын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, яғни тәрбиелік, диагностикалық және басқарушылық қызметтерді бір уақытта атқарады. Осы тұрғыда оқушылардың апталық рефлексия жүргізуі педагогтардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі болады. Қысқаша түсіндіргенде «жалпы топпен» емес, жеке оқушымен жұмыс сапасы артады. Атап көрсететін болсақ:
...