Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үйретері мол ұстаз!

Автор:   •  Февраль 9, 2022  •  Эссе  •  398 Слов (2 Страниц)  •  192 Просмотры

Страница 1 из 2

«Үйретері мол ұстаз!»

Бүгінгі мақаламды Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің жоғары санатты, тәлімі өте жоғары оқытушы, кәсіби қызметкер және жастарға үйретері көп, тұлғаға арнағым келеді.

2013 жылы Арқалық көпсалалы колледжінде «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»  мамандығы ең алғаш рет  ашылды. Міне содан бері 8 жыл өтті. Бүгінгі таңда бұл мамандыққа нарықтан сұраныс жоғары. Аталған колледждің оқытушылары білім алушыларға жан-жақты білім беріп қана қоймай, сонымен қатар мамандықтың қыр-сырын үйретіп, жұмысқа тұруға бағыт-бағдар беріп тұрады.

Мінекей осындай жолда жүрген оқытушының бірі Молдахмет Қайырбек Молдахметұлы. Молдахмет Қайырбек Молдахметұлы 1958 жылы 07 шілдеде Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты Қайынды ауылында дүниеге келген. Қайынды орта мектебін бітірісімен, совхозда жұмыскер болып қызмет еткен.

1977 жылы Омсктің теміржол көлігі инженерлер институтының «Электротехника» факультетінің «Теміржолдағы автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша оқуға үсіп1982 жылы толық курсын аяқтап шығады.

1982 жылдан бастап Торғай облысының байланыс басқармасында инженер болып, кейіннен «Электротехника электроника негіздерімен» пәнінен оқытушы қызметіне ауысады.

1986 жылы оқытушылық қызметін Политехникалық колледжен жалғастырады. 1988 жылдан бастап Арқалық қаласының Гидрометбюро орталығының басшысы қызметіне тағайындалады.

1990-2001 жылдар аралығында Торғай аграрлы-техникалық колледжінде оқытушылық қызмет атқарады.

2001 жыл Молдахмет Қайырбек Молдахметұлының қызметінің ең шарықтау шыңы болады. Көптеген студенттерге арнайы пәндерден білім беріп, теориялық білімін қалыптастырып болдым ау деген кезде, қызметін дәл өз мамандығының ордасы теміржол саласына ауыстырады. Теориядан мықты оқытушы еш қаймықпастан теміржол саласына аяқ басып нық қадам жасайды. Ерең еңбегінің арқасында 2001 жылы ол, Арқалық қаласының теміржол вокзалының басшысы қызметіне тағайындалады. 2001-2017 жылдар аралығында Молахмет Қайырбек басшылық қызметті абыроймен атқарып, өз мамандығының практикалық жағын кең көлемде, жан-жақты меңгеріп алады.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (41.8 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club