Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығын

Автор:   •  Сентябрь 2, 2023  •  Магистерская работа  •  26,318 Слов (106 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 106

КІРІСПЕ

        Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылы шыққан «Cындарлы он жыл» кітабында Орталық Азияның тарихына қазіргі кезеңдегі маңызына жіті назар аударады. Шоқан Уәлиханов Орталық Азияны зерттеуші ретінде оның геосаяси маңызын сол заманның өзінде болжап кеткен еді. Көптеген зерттеу еңбектерінде мәселенің бұл жағына аз көңіл бөлінді.

        Ш.Уәлиханов XIX ғасырдың ортасында Ресей империясы Шығысқа бағытталған үш экспедициясының бірін басқарып, оны өте сәтті нәтижелермен аяқтап шыққан болатын. Сол себепті де Ш.Уәлихановтың қызметі Ресей ғылымы қауымына ғана емес, сол кездегі Британия мен Францияның саяси-ғылымы қауымының назарына түскен болатын. Оның өмір жолы, қызметі дүниеден озуы жайлы мәселелер әлі де жұмбақ, белгісіз жайттарға толы. Сондықтан да зерттеушілердің әрбір жаңа ұрпағы осы тақырыпқа қайта айналып соғатын болады.

        Тақырыптың негізгі өзекті мәселесі ол қазақтың тұнғыш ғалымы, шығыстанушысы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметінің ақтандақтық тұстары, оның ғалым-азамат болып қалыптасуындағы негізгі кезендерінің әлі де болса аз қарастырылған жақтары отандық тарихта маңызды өзектілікке ие. Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде ғалымның өмірі мен шығармашылығын зерттеудегі түрлі субьективті жағдайлардың жойылуы, бұл бағытта мол мүмкіндіктер тудыруда. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі тарихнамада Шоқан тұлғасының бірегей түрде зерттеу аса маңызды тақырып болып табылады. Бүкіл әлемге әйгілі Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері қазіргі күнде де өзінің құнын жойған жоқ, сонымен бірге оның өмірі мен творчествасын көптеген жылдар бойы зерттеліп келеді. Сондай-ақ, Ш.Ш.Уәлихановтың заманы мен қызмет еткен ортасын зерттеу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

        Зерттеу жұмысының мақсаты. Магистрлік зерттеудің негізгі мақсаты – Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығын зерттеу.

        Зерттеу жұмысысының міндеттері.

        - Ағартушы-ғалымның өскен ортасы мен тұлға ретінде қалыптасу жылдары – өмір жолын қарастыру;

        - Ш. Уәлиханов жазбаларындағы ұлттық тарихи таным мәселелері және тұлғаның қоғамдық саяси қызметіне сипаттама беру;

        - Орыс Географиялық қоғамындағы Шоқан Уалихановтың орнына анықтама беру.

        - Шоқан Уәлихановтың ғылыми ортасы,  тарихи және этнографиялық еңбектеріне сараптама жүргізу;

        - Зерттеуші ретінде Ыстықкөлге, Құлжаға жіне Қашғарға жасаған саяхатын талдау;

        - Қазіргі Қазақстан үшін Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасына тарихи баға беру.

        Зерттеу жұмысының нысаны: ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы, қазақтың ғалымы – Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін зерттеу жұмысының нысанасы ретінде қойылып отыр.

        Зерттеу жұмысының пәні.Қазақстан тарихындағы Ш. Уәлиханов және оның ғылым-тарихи еңбектері.

        Тақырыптың зерттелу деңгейі және деректемесі.Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің баспа бетіне шығуын және ғалымның ғылыми қоғамдағы еңбегін паш етуін жатқыза аламыз. Бұл тұста Шоқанның Орыс географиялық қоғамда өзінің құнды ғылыми еңбектерін жоғары мінбеден айтуы және осы қоғамның құрметті ғылыми мүшесі атануы тарихнамада айқын көрсетілген.

        Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің құндылығы жайлы сол заманның ғалымдарының бағалауынан және Ш. Уәлихановтың өзінің еңбектерінен көруге болады. Олар:Валиханов Ч.[1], Алпысбес М.А., [2], [3], [5],  Жақсыбайұлы Т., [4], Назарбаев Н.Ә., [6], Муканов С., [7], Уәлиханов Ш.,[8], Ядринцев Н.М., [9] және тағы басқалар. Сонымен қатар Әлкей Марғұланның зерттеген еңбектерін атап өтуге болады. Абуев К.К. «Исторический очерк» еңбектеріндегі Ш.Уәлиханов туралы, оның туған жері Сырымбетте болғандығы, оның өмірі мен қызметін  жаңаша көзқараспен кейбір кезендерін анықтады.

...

Скачать:   txt (340.7 Kb)   pdf (607.1 Kb)   docx (103.8 Kb)  
Продолжить читать еще 105 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club