Тұлға-саналы іс-әрекет иесі
Автор: duisekhanargiza • Октябрь 20, 2020 • Эссе • 665 Слов (3 Страниц) • 1,983 Просмотры
химия-биология 6В01508
Дуйсехан Наргиза
Тұлға-саналы іс-әрекет иесі
Эссе
Жалпы әр адам-жеке тұлға.Ал тұлға дегеніміз-жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
"Тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады" деген керемет бір сөз де бар. Әр тұлғаның өзінің жеке ойы, арман-мақсаты болады. Жалпы адам баласы өз алдына мақсат қойып, сол мақсатқа бастар жолын нық қадаммен басатын болса, ол қадамдар, сол адамның жеке тұлға болып қалыптасуына өте үлкен септігін тигізеді. Менде осындай мақсатқа қадам басып келе жатқан жұмыр басты пенденің бірімін. Осы мақсатыма, армандарыма жететініме кәміл сеніп келемін, тарихта ойып аларлықтай орны бар жеке тұлға болып қалыптасқым келеді. Мақсат, мақсат дейміз. Мақсат қайдан пайда болады? Мақсат-арманнан пайда болады. Адам армандайды, сол арманға жетемін деп өз алдына мақсат қояды.Армандау мен мақсат қоюды еліктеушілікпен шатастыруға болмайды. Мақсат.Ол мақсатқа жету үшін не істеу керек? Мақсатым бар деп жату ма, әлде мақсат қойсаң болды, барлығы өзі келеді деп ойлау ма? Жоқ,әрине! Мақсатқа жету үшін әр адамда талпыныс болу керек, сол мақсатқа жетер жолында еңбектеніп, әрекетін жасау керек. Іс-әрекет өздігінен істелмейді, оның қоздырушы күші адам болып табылады.Адам дегеніміз- тұлға. Адам болмаса ешқандай әрекетте болмайды, мақсат та орындалусыз қалады. Егер де адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, тек қана жақсы амалдар мен іс-әрекеттер жасайды. Адам жақсы қасиетті қайдан алады? Әрине, адам бойына жақсы қасиетті сіңдіріп, оған үлгі болатын ата-ана. Абай атамыз айтқандай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» . Абайдың бұл жерде көксегені – ойлы азамат. Көкірегінде көзі, бойында тулаған қайраты бар азамат. Адам бойындағы жақсы қасиет ата-ананың үлгі болуымен қатар тәрбие беруіне байланысты. Балаға жастайынан тәрбие беруіне байланысты. Барлық тәрбие шәкіртке ата-ана, оқу орны , қоршаған орта арқылы беріледі. Сондықтан оның үйлесімін табуы баланың жан-жақты дамуына оң ықпалын тигізеді. Мысалы, оқу орнындағы тәрбие деп біз мектептегі, балабақшадағы, жоғары оқу орнындағы мұғалімдерінің беретін тәрбиесін, сол кісілердің ықпалын айтамыз. Өз тәжірибемнен байқағаным: баланы жақсылыққа жетелеп жанастырар да, жамандықпен адастырар да — мұғалім болғандықтан ұстаз болу жеткіліксіз, ол үшін асқан білік иесі, ұсталық та, ұстамдылықта қажет. Балаға объект ретінде емес, субъект ретінде қарауға үйренуіміз керек. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін ояту нәтижесінде оның дүниетанымы қалыптасады. Алдыңдағы әрбір баланың жеке басындағы қасиеттерін дұрыс тани білу үшін психолог болудың кемдігі жоқ. Жалпы бала жеке тұлғаға айналу үшін мұғалімде жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, мейірімділік, адалдық, шығармашылық ізденіс, баланы шабыттандыра алу сынды қасиеттер болуы қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, әрбір халық өз ұлты үшін қызмет ететіндіктен, мұғалім баланы ұлттық тәрбиемен сусындатуға міндетті. Яғни, қазіргі қазақ мектептерінің алдындағы міндеттерінің бірі жеке тұлғаны алдымен ұлттық руханиятта тәрбиелеп, тәрбиелі жасқа өркениеттік білім беру. Баланың бойындағы ізгі қасиеттердің іргесі мектеп қабырғасында қаланады. Білім ордасындағы әрбір тұлғаның келешегіне бағыт-бағдар беруші, жөн сілтер жолбасшы – мұғалім болуы тиіс.
...