Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Апрель 4, 2022  •  Эссе  •  297 Слов (2 Страниц)  •  201 Просмотры

Страница 1 из 2

Қуандыққызы Ділнұр

ФПКО-101 тобы студенті

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Эссе

Өзімнің жан қалауыммен таңдаған болашақ мамандығым оқушыларға білім беріп қана шектелмей, сонымен қатар тәрбие беріп, жанында қолдау бола білетін мұғалім болу.

Ұстаздық қызметте психологияның алар орны ерекше екені сөзсіз. Себебі, педагогика адамды тәрбиелеумен айналыспас бұрын оның психикалық ерекшеліктерін анықтауы керек.

Оқушыларға тәрбие мен білім үйретер мұғалімдерге психологиялық білім өте маңызды. Өйткені, оқушыны тәрбиелеу, оны жан-жақты дамыту алға қойылған басты міндеттердің бірі болғандықтан, бұл тұста мұғалімнің психологиялық тұрғыдағы білімі көрініс табары анық. Мұғалім бала дамуының жалпы заңдылықтарын, оның қабілетінің, қызығушылығының, бейімділігінің психологиялық заңдылықтарын және басқа да даралық және тұлғалық ерекшеліктерін терең білгенде ғана өз шәкірттерін дұрыс зерттей алады.

Менің ойымша, мұғалімнің өз іс-әрекетінде психодиагностикалық деректерге сүйене білуі оқытудың, білім берудің сапасын және де мұғалім жұмысының тиімділігін арттырады. Оқыту мен тәрбиелеу, сонымен қатар балаларға тиімді педагогикалық әсер ету үшін олардың жеке ерекшеліктері туралы объективті ғылыми білім болуы керек.

Психодиагностикалық қызмет педагогикалық мамандықтың негізі болып табылады, өйткені жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту үшін оқытушылар ең алдымен оларды зерттей білуі керек. Психодиагностикалық әрекетті жүзеге асыра отырып, мұғалім тек оқушылардың білімін, оқшауланған психикалық процестерін және тұлғалық қасиеттерін сипаттаумен шектеліп қалмай, оқушының барлық көріністерін біріктіре білуі, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын көре білуі маңызды рөл атқарады.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (57.4 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club