"Психология менің өмірімде және кәсібімде" жеке жоба жасау
Автор: Arsen-1 • Октябрь 5, 2020 • Эссе • 433 Слов (2 Страниц) • 1,264 Просмотры
Эссе "Психология менің өмірімде және кәсібімде" жеке жоба жасау.
Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өз жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психологиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Менің болашақ мамандығым ол - Заңгер. Заңгер міндетті түрде психолог болуы керек пе? Бір қарағанда, жауап айқын, бірақ мұнда бәрі соншалықты оңай емес. Бұл екі мамандық теория тұрғысынан мүлдем бір-біріне ұқсамайды. Бірақ психологтың біліктілігіне ие болуы керек, әсіресе ол заңгер болса. Заңгер үшін кіммен жұмыс істейтінің түсіну өте маңызды.Себебі ең басысы ол тек құжаттармен ғана жұмыс жасамайды, сонымен қатар адамдармен де қарым-қатынас алмасады. Психология саласындағы, арнайы білімі бар заңгерлер ғана, кәсіби салада шын мәнінде айтарлықтай жетістіктерге жете алады. Өйткені психология ең маңызды салалардын бірі болып табылады. Қазіргі танда психология өте белсенді дамуда.
Әрине, ешкім заңгерге психологияны міндетті түрде білу керек деп айтпайды. Біз тек кәсіби маман адамдарды психологиялық тұрғыдан түсінуі қажет екенің айтамыз. Психология - оны зерттейтін адамдарға «табиғаттан тыс» адамның мінез-құлқын болжау қабілетін беретін ғылым деп айта аламыз. Сонымен қатар, заңгер ешқандай жағдайда психологты алмастыра алмайтының ескеруіміз қажет. Мүмкін, бұл туралы аз да көпте адамдар естімеген шығар, бірақ қазір кәсіби заңгерлердің, психологтардың қызметі танымал болып келеді. Психологтар барлық жастағы адамдармен сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұнда бәрі түсінікті. Заңгер міндетті түрде психолог болмауы керек, бірақ психология саласындағы кейбір дағдылар оған зиян тигізбейтіні анық. Себебі ол екі мамандықта да тығыз тұлғалармен жұмыс жасайды. Мұны қазіргі кезде қызметтері өте танымал болған заңгер-психологтардың кәсіби тұрғыда дәлелдей алады.
...