Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: aakzholzh2001 • Сентябрь 13, 2020 • Эссе • 259 Слов (2 Страниц) • 1,723 Просмотры
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Ең алдымен психология деген сөзге тоқтала кетсек.Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын,өзінің сан-алуан сезімдерін,басқа да туа біткен қасиеттерімен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым немесе нақтырақ айтқанда адамның мінез-құлығын зерттеу.Психологияның менің өмірімде алатын орны ерекше десемде болатын шығар.Себебі күнделікті тіршілік барысында кез-келген адам әртүрлі күйзелісті бастан кешіріп,ірілі-ұсақты дағдарысқа ұшырап жатады.Осындай проблемалардың арты отбасы жанжалына,ішімдікке салыну сияқты тағы да басқа келеңсіздікке ұласады.Осындай мәселелердің болмасы үшін психолог мамандарға жүгініп тұрған дұрыс деп есептеймін.Психолог-ол өмірдің әртүрлі қиындықтарына тап болған адамдарға кеңес беруші маман.Әрине түсінем қазіргі уақытты ондай мамандарға бару ақылы тұрады, және оны кез-келген адамның қалтасы көтере бермейтінін де ескере кету керек.Бір қуанатын жайт қазіргі уақытта әрбір мектепте психолог мамандар жұмыс жасайды.Сол кісілердің көмегіне жүгінсеңізде болады.Оған қоса бұрынғы кезде психологтардың қызметін жеңгелеріміз,жезделеріміз болмаса достарымыз тағы да басқа жақындарымыз атқарған.Сіздің мұң-сырыңызды тыңдап көмек беруге тырысатын.Және де бұлардың барлығы менің өз басымнан өткен сол себепті мен психологияның менің өмірімде алатын орны ерекше деп тоқтала кеттім.Бірақта бір ескере кететін жайт психологияның тек қана өмірімде керек дегенім қателік болған сияқты.Себебі психология маған менің болашақ кәсібімдеде керек болатыны сөзсіз.Және алатын орны ерекше болатынына еш күмәнім жоқ. Таңдалған мамандық - таңдалған болашақ.Мен неліктен бұл сөзді айттым себебі менің түсінігімде сен өз кәсібіңе жету үшін соған байланысты мамандық таңдайсың,сол мамандықты оқи отыра сен өз кәсібіңді қалыптастырасың яғни өз болашағыңды,сол кәсібің арқылы өзіңнің армандаған мақсат белестеріңе қол жеткізесің.Сол жолды жүріп өткенде сен көптеген қиындықтарға,кедергілерге кезігесің,дәл сол сәтте сен өз кәсібіңнен бас тартып,бәрінен түңіліп өз-өзіңді өмір деген кеңістікте жоғалтып алуыңның қаупі туындайды.Сол себепті психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет деп есептеймін.
...