Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Октябрь 26, 2020  •  Эссе  •  393 Слов (2 Страниц)  •  1,241 Просмотры

Страница 1 из 2

                 Эссе “Психология менің өмірімде және кәсібімде”

     Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Ол философиядан бөлінгеннен бері талай даму кезеңдерінен өтті, яғни күрделі жүйеге айналды. Психологияның адам өміріндегі маңызы баршылық. Себебі тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың қабылдауынан өтеді екенбіз. Неліктен? Психолог белгілі бір негіздегі тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Және оқушылардың ойлауы мен қабілеттілігін тексеру мақсатында мектеп қабырғасында жыл сайын балалардан психологиялық тест алып отырады. Психологтардың қажеттілігі әсіресе 11-сыныпта ҰБТ тапсыратын кезде қатты туындайды. Өмірдің бір баспалдағынан келесісіне өту барысында балаларда қорқыныш, сенімсіздік күйі туындап, кейде тіпті депрессияға кіріп кетіп жатады. Осы жағдайда олардың жан-дүниесін түсініп, бойына сенімділік ұялата білетін бірден бір мамандар психологтар.

     Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2-ші курс студентімін. Менің түсінігімше, психология адамға тек қиын ситуацияға тап болғанда ғана емес, өмірдің барлық жағдайында керек, тіпті психология бізді қоршап тұр. Адам әлі де сырлары толық ашылмаған жаратылыс. Ал біз өмірде қандай да бір жетістікке жеткіміз келсе, алдымен өзімізді жан-жақты тани білуіміз керек қой. Сол кезде психологияның бізге көп көмегі тимегіді. Қандай қабілетке жақын екенімізді, мінезімізді жақсы тануға, жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы жаққа қарай өзгеруімізге де психология әсер етіп жатады. Яғни, психологияны “Жан туралы ғылым” деп бекер айтпаса керек.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (45.6 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club