Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: nukesh2002 • Сентябрь 28, 2019 • Эссе • 523 Слов (3 Страниц) • 23,584 Просмотры
Сәрсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасы»
БӨЖ
Тақырыбы: «Психология менің өмірімде және кәсібімде» тақырыбында эссе.
Орындаған: Нүкеш Шуақ
Факультет: ФИФИМО-1 курс
Мамандық: шет тілі: екі шет тілі
Мұғалім: Турарова Г. У.
Сабақ: Психология
Өскемен қ., 2019 ж.
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология- адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезімін, адам мінез-құлқын зерттейтін ғылым саласы.
Жалпы «психология» біздің өмірімізде мектеп шағынан бастау алады. Мектептегі педагог-психолог апайлардың бізден келіп, тест алып, тәрбие сағаттарын өткізіп, әртүрлі жиындар ұйымдастырғанынан бастап «психологияны» тани бастадық десекте болады. Ал , қазір мен оны жеке пән ретінде оқып жатырмын. Енді, психологияның менің өмірімдегі және кәсібімдегі орнына келетін болсақ.
Мен қазір «шет тілі: екі шет тілі» пәні бойынша оқып жатырмын. Яғни, шет тілі ұстазы боламын. Ұстаз болу- жауапкершілік. Сен тек сабақ беріп қоймайсың, баламен қарым-қатынасқа түсесің, былайша айтқанда, тәрбиелейсің. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін мектептегі психологиялық қызмет деуге болады.
Мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты: мектеп оқушыларының қабілеттілігін жан-жақты зерттеп, танымдық, ақыл-ой қабілетінің терең дамуына мектепте оқушы мен ата-ана, оқушы мен оқытушы, ата-анамен оқытушы тиімді, тығыз қарым-қатынас құра отырып, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін, интеллектуалдық деңгейін анықтау және жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар тізбегін жүргізуден құралады.
Осы мақсатта оқушылардың мінез-құлқын, жеке қасиеттерін, кикілжің кезінде өзін ұстауын, өзіндік бағалауын анықтау және оқытушыларға оқушылардың мінез ерекшелігіне байланысты ұсыныс беру мақсатында мектеп психологы түрлі психодиагностикалық жұмыстар өткізеді.
...