Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Октябрь 21, 2020  •  Реферат  •  357 Слов (2 Страниц)  •  2,277 Просмотры

Страница 1 из 2

                                       [pic 1]

       Мамандық: Шет тілі:Екі шет тілі 1.1

Аты-жөні: Арын Тоғжан Исламбекқызы

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Бұл эссемде мен психологияның менің өмірімдегі және болашақ кәсібімдегі маңыздылығымен бөлісуге тырысамын.Менің ойымша,әр адам өз өмірінде психологиялық негіздерді білу өте қажет, өйткені олар жеке қарым-қатынастарды дұрыс, әрі тиімді құруға көмектеседі. Психология-ішкі, рухани әлем және барлық адамзат туралы ғылым. Психология кез-келген тіршілік иесінің өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Бұл, адамға оны артынан не итермелейтінін, өмірді не үшін сүріп жатырғанын түсінуге көмектеседі.

     Мен үшін психологияның артықшылығы  – ол біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуға қабілеттілігі. Мектеп, университет, жұмыс, отбасы, адамдармен қарым – қатынас, жеке тәжірибе- біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиын жағдайларды жеңуге тырысамыз, дәл осы сәтте бізге психология  көмектеседі.

Менің түсінігімде психология-бұл адамның ішкі, рухани әлемі туралы ғылым. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортамен байланысын, сондай-ақ адамдардың өзара әрекеттесуін зерттейді.

Жалпы, психологияның менің болашақ кәсібімдегі рөлін айта кетсем.                                              Дәл қазіргі уақытта мен екі шет тілі мамандығында оқып жатырмын. Яғни болашақта мұғалім боламын.Ұстаз болу – жауапкершілік. Біз тек сабақ беріп қана қоймай, оқушылармен қарым-қатынас жасаймыз, тәрбиелейміз. Сондықтан ең бірінші болып мұғалімге психологиялық білім қажет. Баланың ең алдымен ойында не бар, психологиясы қалай екенін түсініп барып онымен ары-қарай өзіндік жоспарыңмен сабақ беру керек деп ойлаймын. Тіпті, біздің мамандығымызда  – педагогикалық психология бөлек саласы  бар екені барлығымызға айқын, яғни   Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала. Менің кәсібімде психология ең маңызды рөл атқаратынын осыдан түсінсек болады.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (73.3 Kb)   docx (22.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club