Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Профессор З.Базарбаеваның интонология саласына қосқан үлесі

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  610 Слов (3 Страниц)  •  2,133 Просмотры

Страница 1 из 3

        ҚАЗАҚСТАН РСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ[pic 1]

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: «Профессор З.Базарбаеваның интонология саласына қосқан үлесі» атты реферат жазу

6В016 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы

1 курс

Орындаған: Жұмамұратова Амина

                                                                     Қабылдаған:Иманкулова Жанна

Алматы 2020

«Профессор З.Базарбаеваның интонология саласына қосқан үлесі» атты реферат жазу

Қазақ тілінің дыбыс жүйесі тек сегментті фонетиканың аясында емес, суперсегментті фонетика тұрғысынан да зерттеліп жатыр. Себебі тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, сөздердің дыбыстарынан ғана тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегментті деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды. Суперсегментті фонетика дегеніміз-сөйлеу тілінің интонациялық жүйесін, оның қызметін, бірліктерін, компоненттерін (әуен, қарқын, интенсивтілік, ырғақ, екпін, ұзақтылық, дауыс реңкі т.б.) тіл білімінің басқа салаларымен (синтаксис, семантика) байланысты қарастырады. Осы терминді қалыптастырып, зерттеген, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының салыстырмалы жəне түркі тіл білімі бойынша бас ғылыми қызметкері, қазақ тіл біліміндегі тұңғыш интонолог ғалым – Зейнеп Мүслімқызы Базарбаева.

Зейнеп Мүслімқызы Базарбаева Алматы қаласында 1952 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1997ж.). 1970-1975 жылдары Мəскеудегі Морис Торез атындағы мемлекеттік шет тілдер институтында, 1977-1980 ж. аспирантурада оқыды. 1980 жылдан бастап ҚазССР ҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкерлері жəне институттың ғалым хатшысы болып істеді. Қазір жетекші ғылыми қызметкер, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі. Профессор В. М. Шварцманның жетекшілігімен «Интонация вводных единиц в языках различного типа (на материале французского, казахского и русского языков)» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын (1983ж.), «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.

Ғалымның ғылымға келуі 1975 жылы Морис Торез атындағы Мəскеу мемлекеттік шет тілдері институтын тəмамдаған соң, аспирантуралық мектепте жүргенде басталады. Алдымен, 1981 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметке келеді. 1983 жылы «Интонация вводных единиц в языка различного типа (на материале французского, 51 казахского и русского языков)» атты филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін даярлаған диссертациясын сəтті қорғап шығады. Бұдан кейін «Типологические исследование интонации вводных единиц (на материале французского, казахского и русского языков)» атты тақырыпта монографиясын шығарады. 1997 жылы «Интонационная система казахского языка» атты докторлық диссертациясын қорғайды. Кейін «Строй казахского языка» (авторлар ұыжымында), «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» (1997 ж.), «Қазіргі қазақ тілінің интонация негіздері» (2002 ж.), «Қазақ грамматикасы» (интонология тарауы), «Казахская интонация» (2008 ж.) монографиясын шығарады. Профессордың 100-ден астам ғылыми мақаласы жалпы саны 6 іргелі ғылыми еңбегі жарық көрді.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (129.4 Kb)   docx (27.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club