Практикалық педагогикадан лекциялар
Автор: gulmira1987 • Декабрь 23, 2018 • Лекция • 20,561 Слов (83 Страниц) • 592 Просмотры
Практикалық педагогикадан лекциялар.
1 Тақырып; Практикалық педагогика пәнін оқыту мақсаты,мінддеттері.
1.Практикалық педагогика пәнін оқытудың мақсат, міндеттері.
2.Тәрбие ісіне, тәрбиешіге қойылатын талаптар.
Пәнді оқыту мақсаты педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен тиімді амал – тәсілдерін анықтап белгілеу .Соған сәйкес тәрбиешілерге оны меңгеруге нақтылы көмек көрсету.Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие беру әдістемесі де өзіндік бет- бейнесі бағыт – бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Ондағы көздеген міндеттер қатарына студенттердің тәрбие беру саласындағы білімдерін кеңейту және біліктіліктерін тереңдетуді көзделеді. Бұл , әрине өте күрделі өнер. К. Д. Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері » атты іргелі еңбегінде: « Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар-бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік , туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне ... көз жеткізеді» деген. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Осы орайда, мектептегі психологтің рөлі де зор, себебі ол сынып жетекшілеріне, оқушыларға олардың ата-аналарына кеңес берумен қатар, білімдерін жетілдіріп, түрлі қиын жағдайлардың әділ, дұрыс шешілуіне көмек көрсетеді.
Баланың психикалық дамуын ойдағыдай басқару үшін, оның бойындағы бар мүмкіндіктерін, ересек адамдармен және өз құрдастарымен қарым-қатынастарын жан-жақты зерттеу қажет. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу әр оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Әр баланы жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу-оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтурсынов: «Бала оқытуды жақсы білетін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші балалардың табиғатын біліп, көңіл-күй сарайын танитын адам болу керек» деген. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуі керек – деген психологиялық мәні бар ой-тұжырымды тәрбиеші балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын М. Жұмабаев «Бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті деген». «Өзін-өзі тану» - сабағында жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта оқытуда қойылатын сұрақ баланы жұмбақты міндеттерді шешуге, проблемалық ситуациялардан жол табуға ықпал етеді, баланы ойлауға мәжбүрлейтіндей болады.
Тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілердің, тәрбиешілердің, вожатылардың педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтық шеберлігіне, шыдамдылықтарына, әдебіне, шығармашылығына, байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналардың ,тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше. Тәрбие жұмысы, жаңалығы, тартымдылығы, нәтижелігі, әсерлігімен т. б . сапаларымен бағалы.
Әдебиеттер:
1.Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы.- Алматы,1991
2.Илиясова А.Н.Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы,1991.
3.ӘбенбаевС.Ш. Тәрбие теориясы
...