Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі

Автор:   •  Сентябрь 21, 2020  •  Эссе  •  2,032 Слов (9 Страниц)  •  1,349 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

       Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік

                                 Университеті

             

                                СОӨЖ

                Пәні : Педагогика

               Тақырыбы:Педагогтың тұлғасы және оның                                                          -             кәсіби құзыреттілігі  

                Тобы: Хб-22

                Орындаған : Абдуллаұлы Иманғали

                Тексерген: Аяған Еркін Сағынтайұлы

Тақырып  1.  Педагогтың  тұлғасы  және  оның  кәсіби құзыреттілігі

Тапсырмалар:

 1. «Мұғалім  тұлғасына  заман  талабына  сай  қойылатын талаптар»  тақырыбында  мультимедиялық  көрсетілім  дайындау.

 2.  «Педагогикалық  мамандық  және  оның  қазіргі  қоғамдағы ролі»  тақырыбында  дәлелдер  келтірілген  әңгіме  дайындаңыз.

 3. Кәсіби  құзыреттілік  -  мұғалімнің  маңызды  сапасы ұғымына  тезис  құрау.  

Жауаптары :

2. «Педагогикалық  мамандық  және  оның  қазіргі  қоғамдағы ролі»  

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат , өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек . Мұғалімнің біздің қоғамдағы рөлі өте үлкен . Мұғалімге тән бірінші қасиет – баланы құрметтеу , сыйлау , жақсы көру . Осы айқын қасиеттер арқылы мұғалім беделі анықталады . Мұғалім -  баланың екінші ата анасы . Болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы . Ұстаздық әркімнің қолынан келе бермейтін мамандық .Оның мейрімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай қателікті кешіреді . Шәкірттің бойындағы ақыл мен ойды жетілдіру осы ұстаздың міндеті .Осы тұста Абайдың : «Ақырын жүріп , анық бас , еңбегін кетпес далаға . Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген өлен жолдары дәлел .

Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі қандай ? Шәкіртіне ғылым негіздерімен мәлімет беріп қана қоймай , оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға , яғни қатаң бәсекеге сай ұрпақ тәрбиелеу . Жалпы бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем :                                                                      Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін , оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін , өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын , педагогикалық күрделі үдерістерге пікір білдіре алатын ұрпақ тәрбиелеу  . Қазіргі заман мұғалімі шәкірт жүрегіне жол таба алатын , ұстамды , жаңа ғасыр талабына сай келетін , еңбекқор болуы шарт . Тек осылай жұмыс жасаған ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып , сый-құрметіне бөленбек .       Сонымен мұғалімділік  өткен тәжірибелерін жаңа тәжірибеге ұштастырып отыратын жалғыз мамандық иесі .                                                                                    Мұғалім қазіргі қоғамда «қозғалтқыш» рөлін атқарады . Себебі: жас ұрпақтын тәрбиесіне , жаңа және озық технологиялардың дамуына , қоғамдық процестердің дамуына үлкен рөл қосады . Бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс .Мұғалімнің әлеуметтік рөлінің тағы бірі ол , содан кейін жасаған қоғамдық қатынастарды , қарым – қатынас және мінез-құлық тәжірбесін қалыптастыруы . Кез келген тұлға ең алдымен ұстаздан білім алады . Сондықтан ұлттың тағдыры ұстаздардың қолында . Қорытындылай келе , педагогикалық мамандықтар қоғамдағы ең рөлі жоғары мамандық . Тәрбие және қоғамды қалыптастырудағы рөлі осыған дәлел . Ұстаздардың қоғам алдындағы міндетті және рөлі өте жоғары.Себебі, ұлттың болашағын ойлайтын ұрпақ қалыптастыру ұстаздардың қолында .Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды , байлығымызды , тіліміз және дінімізді түгендеу , игеру және оны жас ұрпаққа сіңіру осы ұстаздардың басты қоғам алдындағы борышы .

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (204.4 Kb)   docx (27.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club