Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушыларды әлеуметтендіру мазмұны мен механизмін анықтау

Автор:   •  Декабрь 7, 2021  •  Реферат  •  4,889 Слов (20 Страниц)  •  742 Просмотры

Страница 1 из 20

СӨЖ

Тақырыбы: Оқушыларды әлеуметтендіру мазмұны мен механизмін анықтау

Орындаған: Кеңесбай Даулет

Жоспар

І. Кіріспе

 ІІ. Негізгі бөлім

а) Әлеуметтендіру дегеніміз не, әлеуметтендіру принциптері

б) Тәрбие дегеніміз не, тәрбие теориясы

в) Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру

ІІІ. Қорытынды

 ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

 «Жастар болашақтың тұтқасы» демекші, Қазақстан қазір өз жастарының білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында өзіне деген сенімі мол, ерік жігері мықты, патриот, жан-жақты дамыған, сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік ортаға дайын тұлға қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан жастарды әлеуметтендіру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының ең көкейкесті мәселесінің бірі. Тұлғаның әлеуметтенуі оның ана тіліне, күнделікті тұрмыс жағдайындағы мінез-құлқына, шығармашылыққа деген ынтасы мен өз халқының мәдениеті қабылдау қабілетіне байланысты. Оқушының қалыптасуы қоршаған ортасын танумен, өмір сүру барысында кездесетін жақсылық пен жамандықтардан тұрады. Сондықтан, сыртқы орта баланың әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Әлеуметтендіру дегеніміз – қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның қалыптасуы. Жеке тұлғаның әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы, әлеуметтік тәжірибені меңгере дамуының әлеуметтік кезеңдерін қамтитын және әрбір кезеңі белгілі бір анықталған мәселелерді шешу мақсатына жауап беретін, өмір бойы созылатын үздіксіз процесс.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Әлеуметтендіру дегеніміз не, әлеуметтендіру принциптері

 Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру. Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі – құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау. Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді. Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан». Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек. Әлеуметтендіру процесі үшін қоғамдық тәрбиенің маңызы зор. Әлеуметтендіру процесін индивид тарапынан әлеуметтік тәжірибені меңгеру барысында қарым-қатынас және іс-әрекет аясын кеңейту ретінде, өзін-өзі реттеу, сана-сезімі мен белсенді өмірлік ұстанымының қалыптасуы түрінде сипаттауға болады. Әлеуметтендіру институттары ретінде отбасы, бастауыш мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мектеп, еңбек және басқа да ұжымдарды жатқызуға болады. Тұлғаның жаңаша жоғары деңгейде дамуының объектив алғышарты - тәрбие процесі. Жоғарыда тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты аталған қағидаларға сүйене отырып, әлеуметтік педагогиканың пәніне әлеуметтендіру процесінің мазмұнын құрайтын құрылымдық-функционалдық байланыстарды, заңдылық қарым-қатынас пен өзара байланыстар логикасын, тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен өзін жүзеге асыра алуы процестерін жатқызуға болады. Әлеуметтік педагогиканың принциптері әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық негізін шығармашылық тұрғыдан талдау нәтижесінде айқындалады. «Принцип» сөзінің өзі латынның «принципум» деген сөзінен аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Кез келген ғылым өзінің дамуында белгілі бір заңдылықтардан бастау алатын, соларға негізделетін қағидаларға сүйенеді. Мысалы: кез келген құрылысшы кірпіш қалау үшін ең алдымен фундамент қалап алу керектігін біледі. Сол секілді педагогикалық процесті ұйымдастыруда бастапқы ережелер мен талаптарды, яғни принциптерді ескеріп, үнемі басшылыққа аламыз. Кез келген ғылымның негізгі қағидаларына сүйене отырып, оның ережелері қалыптасады. Қағидалар мен ережелер біздің қалауымыздан тыс пайда болады. Оларды ескермеген жағдайда ертелі-кеш біздің тәрбиелік әрекеттеріміз пайдасыз, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Әлеуметтік педагогика өзінің практикасында ғылыми педагогиканың тәрбие қағидаларына сүйенеді. Соған қарамай әлеуметтік педагогика баланың ересек болғанға дейін ең алдымен бала болып қалуын қалайды. Сондай-ақ швейцар педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1749-1827) қараусыз қалған балалар үшін қамқорлыққа алу үйлерін ұйымдастыра отырып, тәрбиедегі негізгі мақсат - адамның қабілеті мен табиғи күшін дамыту, сонымен қатар бұл даму жан-жақты әрі үйлесімді болуға тиіс деген болатын. Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен аударылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi: - қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеуметтік жағдайына карамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс; - әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау; - мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы ретінде түсіну. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi - адамның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады. Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып келеді. Ізгіліктілік бағыттылықта жастарға тәрбие беру мынадай тиімділік береді: 1. Тек тәрбие ғана белгілі бір мөлшерде әлеуметтену объектісі болып табылатын адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістердің дамуының бағытын анықтауға мүмкіндік береді; 2. Тәрбие арқылы ғана адамның субъект ретінде өз идеясын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға болады; 3. Тәрбие ғана адамның бір ортадан екінші ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. Мысалы, ол бұрын әлеуметтену құрбаны болған болса, енді өмір сүру ережелерін үйренуін тәрбие арқылы қалыптастырамыз; 4. Тәрбие ғана адамды әлеуметтену процесінің құрбаны болып кетуден сақтандырады. Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік принципі ізденушілік және практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты болады: - адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану; - адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау; -адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез келген әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологияларды бағалаудың жоғарғы критериі ретінде тән алу. Қазақта ізгілікті әрекеттер қашан да жастарға тәлім тәрбие беруде насихатталып келген, ол өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің басты көрсеткіші ретінде насихатталған. Осы тұста М. Жұмабаевтың: «Кiмде-кiм өзiн сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елiн сүйсе, әсiресе, бүткiл адам баласын бауырым деп сүйсе, сол адамды iзгi деп айтамыз»,- деген сөздерiне жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар қасиет екендігіне әбден көзіміз жетеді. Оған дәлел қазақтағы «Қол ұшын беру», «Асар», «Пiтiр-садақа тарату» секiлдi дәстүрлерiмiздiң болуы, қазақ халқында отбасында болған қуанышты бастамаға асарлатып көмектесiп, жақсылықтың тездетiп орындалуына себепкер болуға талпынған, ал қайғы-қасiретте қол ұшын берген. Осылайша халқымызда адамды өз ортасына бейімдеу оны ізгі шараларға қатыстырумен байланысты іске асырылған. Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі - адамның интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік детерминациясы мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде принципиалдық маңызға ие. Тұлғаның әлеуметтік педагогиканың объектісі ретіндегі динамикалық табиғаты жайлы тұжырымдары, зерттеулері мен тәжірибелері осы әлеуметтік принциптен туындайтындығын негіздейді. Теория мен практикада тұлғаның қалыптасу және даму принципін жеткіліксіз бағалау ұжымдық принципті сыңаржақты түсінуде, тұлғалық дамуды жоққа шығаруда байқалады. Осы тұрғыда дамыту принципі әлеуметтік педагогика объектісінің динамикалық болмысын айқындауға, тұлғаны қалыптасу және даму объектісінде қарастыруға мән береді. Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі қағидалар арқылы айқындалады: - тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қамтамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану; - тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің барлық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен координациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру; - жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияларды жасау. Поляризациялау принципі әлеуметтендіру процесінің өзін (оның формасы, әдіс-тәсіл, даму, өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу аспектілерін, субъект-объект қарым-қатынастарын) диалектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді мақсат етеді. Тәжірибелік принципі тәжірибелік бағдарлану мен әлеуметтік педагогиканың өзімен шартты байланысқа ие. Тәжірибелік бағдарлану тұлғаның өзі және оның әлеуметтену, қызмет ету процесі, өзін-өзі жүзеге асыру сипаттамасы қоғамды қалыптастырушы қоғамдық өмірдің практикалық салалары тұрғысынан жоғары мәнге ие. Қарастырылған әдіснамалық принциптер әлеуметтік педагогиканың алдында тұрған барлық міндеттерді шешуге бағытталған. Аталған принциптер аясында шешілетін міндеттерді төмендегідей үш топқа бөлуге болады: - педагогикалық мақсат ретінде адам жайлы білімдерді пәнаралық синтездеуді жүзеге асыру; - әлеуметтік педагогикалық пікірлеу мен іс-әрекет жүргізудің стилін құрастыру; - неғұрлым дамыған формаларда әлеуметтендірудің біртұтас процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйені құру немесе қалыптасқан қолданыстағы бар әлеуметтік, педагогикалық жүйелерді жетілдіру. Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасы. Жалпы тұжырымдамалар ғылыми білімді дамыту формалары ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен белгілі бір ғалымның дүниетанымдық жеке ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол теорияны құрастырудың алғашқы сатысы саналады. Осындай дүниетанымдық ұстанымдар мен әдіснамалық нұсқаулар негізінде кейбір пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар бірігуі нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар пайда болады. Мұндай бірігу негізінен олардың арасындағы қажетті байланыстарды айқындау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай процедураны толық деңгейде жүзеге асыру түбінде концепцияның теорияға айналуына септігін тигізеді. Әлеуметтік педагогиканың бастапқы ұстанымдары және онымен байланысты көзқарастар жүйесі екі фактормен айқындалады. Оның біріншісі - әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі мәні және әлеуметтік педагогикалық практиканың өзіндік ерекшеліктері. Әлеуметтік педагогика әрбір нақты тұлғаның өз табиғи болмысынан алшақ кетпеуін қарастырады. Бұл идеяда әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік қызметі толық көрініс тапқан. Ізгілікті қызметті тәжірибеде жүзеге асыруда мамандарды дайындау концепциясы да мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері жағынан ізгі болуы тиіс. Қазіргі таңда педагогикадағы ізгіліктілік идея тұлғаға бағытталған көзқараста көрініс тапқан. Ал екінші фактор - кәсіби дайындаудың мазмұнына, тиімді формаларына, стратегиялары мен әдіс-тәсілдеріне тиісті философиялық, психологиялық-педагогикалық, акмеологиялық және т.б. қағидалардың жиынтығынан құралған. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызмет көрсетулер әлеуметтік педагогтар тарапынан әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің түрлері ретінде, олардың нақты іс жүзіне асырылуы (технологиялары) түрінде қарастырылады. Бұл әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындауды жүзеге асыруда оқу процесін технологиялық тұрғыдан жобалау қажеттілігін көрсетеді. Кәсіби дайындықты тиімді жүзеге асыру үшін бірінші кезекте студенттің тұлғалық потенциалына бағдарлану қажет. Бұл болашақ әлеуметтік педагогтардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі айқындауын белсендіру арқылы жүзеге асырылады. Осы жағдай концепцияны тұлғаға бағдарланған тұжырымдама ретінде айқындауға негіз болады. Бұл концепцияның әдіснамалық негізіне қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде, еңбек субъекті ретіндегі адам жайлы философиялық ілімдер, қоғам мен тұлға қатынастарының заңдылықтары мен механизмдері жайлы идеялар; іс-әрекеттің жалпы теориясы, әлеуметтік танымдық жалпы ғылыми әдістері, нақты тарихи көзқарас т.б. психология саласындағы кәсібилік деңгейіне жету мен тұлғаны дамыту жайлы көзқарастар жатады. Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру принциптері тәрбие принциптерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұста педагогикалық тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың әлеуметтік педагогикалық принциптер тұрғысындағы көзқарастары жақын келеді. Солардың біразын қарастырып көрейік: Әлеуметтендірудегі тәрбиенің халықтығы принципі. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінде «ұят», «намыс», «ар» ұғымдары жиi қолданылған. Балаларды кішкентайынан ерсі қылықтары үшін «Ұят-ай» деп біртіндеп тәртіпке шақырады. Балаға ұятты әрекеттерге бару тек оның әке-шешесін ғана емес, бүкіл туған-туыстардың намысын келтіретінін түсіндіріп, адам баласының намысы өте жоғары сезім екендігін санасына сіңіреді. «Өлімнен де ұят күшті» деп намысты қолдан бірмей, арын сақтауды насихаттап отырған. Бұл, әсіресе, қыз балалары үшін өте маңызды. Өйткені қызға сын көз көп. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөздер осыны дәлелдейді. Ойнап жүрген балаға көңіл аударған үлкен кісі алдымен «Кімнің баласысың?» деп сұраған. Бұл сұрауда үлкен мән бар, балаға ой салған. Бала дұрыс мінез көрсетсе, өнегелі болса, оның әкесі жақсы кісі, дұрыс тәрбие берген, егер баланың мінез-құлқы ұнамаса, оның әкесі де солай, дұрыс тәрбиелей алмаған, бетіне қоя берген деп тұжырымдаған. Жақсы баланы бүкіл ауыл боп мақтаған, тентек, нашар мінезді баланы ауыл боп сынға алған, бірте-бірте жөнге салған. «Есті бала», «Тәртіпті бала», «Жаңғалақ бала», «Тәртіпсіз бала» немесе «Құйма құлақ бала» немесе «Ақпа құлақ» деп айту да соның белгісі. Бұл да өте ерте заманнан бері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып. Балаларды тәрбиелеуде үлкендер айтып отыратын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өнегелі адамдар туралы немесе нашар адам деген қандай адам, ол несімен жаман, неліктен көпшілік ұнатпайтыны туралы әңгiмелер де балаларды тәрбиелеуде қолданылып отырған. Осыларды талдап айтып отыратын әңгімелерді арнайы өзіне айтылмаса да, құйма құлақ бала қағып алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай атамыз айтқандай, жақсы болып өсуіне негiз еткен. Одан соң жырлар мен өлеңдердегі әділеттік, ерлік, жомарттық туралы келтірілген ойлар, толғаулар жастарды адамгершілікке, азаматтыққа баулыған. Қазақ халқының діни мерекелерінің де бала тәрбиесіндегі ықпалы ерекше болған. Бүкіл мұсылман халықтарының негізгі мерекесі болып табылатын «Құрбан айт», «Ораза айт» мерекелерінің астары мен мазмұны жастарды мейірімділік пен қайырымдылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. «Ораза» кезінде кешке ауылдағы жас балалар жиналып, әрбір отбасын аралап жарапазан айтқан. Тәрбиенің халықтығы қағидасына сай ел ішінде қалыптасқан көзқарас немесе пікір бойынша сол отбасы туралы насихат, мақтау немесе сын айтылатын болған. Мұндай мереке кезінде негізінен отбасы мүшелерінің жақсы қасиеттері мадақталып, жырға қосылады. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің көңіл-күйлерін көтеріп ынталандырған. Тіпті, отбасындағы болып жатқан жаңалықтар мен отбасы мүшелерінің мінез-құлқы (сараңдығы немесе қолының ашықтығы), өнерлілігі, қол жеткен табыстары немесе арман-тілектері жырға қосылып айтылған. Бір жағынан мұндай дәстүрлер халықтың мәдениетінен де туындаған. Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі. Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс педагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала тәрбиесінде оның өмір сүрген жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті болатын жері ескерілуі керек деді. Мәдениетке байланыстылық қағидасы К. Д. Ушинский еңбектерінде де кеңінен қарастырылады. Ол: «Егер біз білімді әрі жан-жақты тәрбиелі адамды тәрбиелеп шығарғымыз келсе, оның жазуға, оқуға, сенуге, Отанын сүюге, оның табиғатын, тарихын, мәдениетін ескере отырып тәрбиелеуіміз керек», - деп көрсетті. Оның идеясы тәрбиенің халықтығы идеясынан көрінеді. Ол көптеген елдер тәжірибесін тұжырымдай отырып, әр халықтың өз ұлтына тән ерекшеліктері болады. Тәрбиеде сол ерекшеліктерді басшылыққа алу қажет деп ұсынады. Қалыптан ауытқуы бар балалардың мәдениет байлықтарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері төмен болады. Сонда да балалар көркемөнерпаздар үйірмелерінде ән орындап, би билеп, спортпен шұғылданады. Мәдениетпен байланыстылық қағидасын жүзеге асыру үшін мына төмендегідей ережелерді ескеру қажет: - әртүрлі мәдениет түрлерінің қалыптасуы кезінде балалардың қалыптан ауытқу түрлерiн ескеру. - ауытқуы бар балалар дамуының шығармашылығын дамытуға көңiл бөлу. Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойынша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан, оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары мен ұстанған позицияларына да байланысты болады.

...

Скачать:   txt (75.7 Kb)   pdf (179.5 Kb)   docx (25.9 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club