Мониторинг процедурасы және оның өлшемдегі сипаты
Автор: Kamosh • Май 29, 2018 • Реферат • 925 Слов (4 Страниц) • 679 Просмотры
Мониторинг процедурасы және оның өлшемдегі сипаты
Түйін сөздер:мониторинг, білім сапасы, педагогикалық өлшем, талдау, саралау.
Аннотация: бұл мақалада мониторинг түсінігіне жан-жақты талдау жасалып, қазіргі білім беру жүйесінің мониторингісін жасаған шетелдік және отандық ғалым-педагогтардың пайымдаулары баяндалады. Мониторинг тұжырымдамасы, түрлері, мақсат міндеттері сипатталған. Білім сапасын арттырудағы мониторингілеу жұмыстарының маңызына тоқталып, жүргізілу жолдары көрсетілген.
Елбасының 2018жылдың 10 қаңтарындағы жолдауының жетінші міндетінде білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады.[1]
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Қазіргі ХХІ ғасырда білім беру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету құралы – білім сапасын мониторингілеу. Ал, педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Мониторинг түсінігі ғылыми әдебиетке 70-жылдардың басында енді. Мониторингтің қолданылу аясы алуан түрлі. Қазіргі уақытта мониторинг техникалық, әлеуметтік ғылымда және тәжірибелік қызметтің әртүрлі шеңберінде қолданылады (И.В. Бестужев-Лада), А.А. Орлов, В.С. Аванесев, Болотов В.А, Е.И. Исаев, М.В. Рыжаков, С.Н. Силина, В.В. Репкин, Г.В. Репкина, Е.В. Зайка, Н.А. Бернштейн, Буркова Н.Г, Б.А. Койшибаев, С.И. Шишов, В.А. Кальней, В.П. Беспалько, В.Г. Горб. Осыған орай, мониторинг ұғымы қолданылмайтын қызмет аясы аз деп айтуымызға негіз бар.
Қазіргі білім беру жүйесінің мониторингісін Ресейде В.М.Антипова, Г.С. Лаптева, Н.Г. Буркова жасаса, Қазақстанда Ж.А. Мақатова, Б.К. Момынбаев жүргізді. Г.К.Нургалиева білім беру жүйесінің мониторингісінің теорялық аспектілерін қарастырды.[2]
«Мониторингтік құбылыстар» және олардың көрсеткіштері тек қана көбінесе сол немесе басқа оқиғаның, оның даму тенденциясын алдын-ала анықтайды. Сонымен бірге қазіргі ұйымдасқан күрделі жүйелілігі, білім беру сферасы ретінде, олар мүмкіндігінше, кездейсоқ сипатта әрекет етеді және қолданылады.
Мониторингтік моделдеудің ерекше сипаты құбылыстардың тобын, олардың қасиеттерін, параметрлерін, жоғарыда келтірілген критериилерге сәйкес қасиеттер мен принциптерді қолдану болып табылады. Сондықтан, маңызды ақпараттарды, көресткіштерді бөліп көрсететін жеке объектілерде олардың маңызы мониторингтік индикатор ретінде белгіленген орнын ескере отырып тұтастай интегративті беріледі.
Білім берудегі мониторинг – бұл педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.[3]
Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі қызметкерлердің жүргізгені дұрыс. Мониторингті жүргізу арқылы деректер базасы құрылады , олар берілген топтағы оқушылардың (қызметкерлердің, студенттердің, магистранттардың ) ары қарай дамуын терең талдауға және дер кезінде түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Яғни, осы берілген анықтамаларға сүйене отырып,білім беру сапасын арттырудағы «мониторинг» ұғымына төмендегідей анықтама береміз:
...