Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі педагогиканың пәні, міндеттері және қызметі

Автор:   •  Ноябрь 28, 2023  •  Лекция  •  666 Слов (3 Страниц)  •  206 Просмотры

Страница 1 из 3

Мектепке дейінгі педагогиканың пәні, міндеттері және қызметі

Мектепке дейінгі педагогика жалпы педагогика ғылымының бір саласы. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мақсаттарын, мазмұнын және әдістерін қарастырады.

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Мектепке дейінгі педагогика – бұл ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың бір саласы.

Мектепке дейінгі педагогиканың нысаны – біріншіден, туылғаннан жеті жасқа дейінгі балалар, екіншіден педагогикалық процесс.

Мектепке дейінгі педагогиканың қарастыратын пәні –педагогикалық процестің құрамдас бөліктері, мақсаттары, міндеттері, мазмұны мен формалары, әдістері мен құралдары және олардың ерекшелігі (басқа) бойынша өзара әрекеттесу процесінде (бір көзқарас бойынша) тәрбиеші мен балалардың сапасы мен қасиеттерінің түрленуі.

Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауышта оқыту мекемелерінің арасындағы білім беру қызметінің мазмұнымен сабақтастығын ғылыми негіздеу;

- жас ерекшеліктеріне қарай балалардың отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда жан-жақты және толық дамуын қамтамасыз ету үшін балалармен жұмыс істеудің мазмұнын, әдістерін және технологиясын анықтау;

- ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары мен технологияларын әзірлеу;

- әртүрлі топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде вариативті білім бағдарламаларын қолданудың технологияларын және әдістерін ғылыми негіздеу;

- Мектепке дейінгі педагогиканың қызметтері

Түсіндірушілік (теориялық) - білім беру мен оқыту процесін, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, әдістерін және іске асыру құралдарын, сондай-ақ осы процестің баланың жеке басын қалыптастыруға әсерін зерттейді. Педагогикалық фактілерді, заңдылықтарды, жағдайларды сипаттайды. Нәтиже - заңдар, ұғымдар, қағидалар, теория, ұғымдар.

Қолданбалы (технологиялық) - заманауи қоғамның талаптарына сай келетін білім беру мен оқытудың, жүйелер мен технологиялардың жаңа, озық бағдарламалары мен әдістерін қарастырады.

Болжамдық - білім беру жүйесін дамытудың процестері мен болашағын, тәрбиені ұйымдастыру мен педагогикалық шындықтың дамуын болжайды.

Оқыту және тәрбиелеу - білім берудің жаңа тұжырымдамаларын ғылыми тұрғыда болжап, отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері мен технологияларын зерттейді, әртүрлі типтегі мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу процесінің ерекшеліктерін көрсетеді.

1.2 Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі санаттары

Әлеуметтену (лат. socialis - қоғамдық) - бұл қарым-қатынас пен іс-әрекетте жүзеге асырылатын жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесін игеру процесі мен оның нәтижесі.

Әлеуметтендіру адамның қоғамның толық мүшесі ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін білімнің,

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (47.9 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club