Лекции по "Педагогике"
Автор: 0120220020 • Декабрь 7, 2022 • Курс лекций • 1,628 Слов (7 Страниц) • 299 Просмотры
Шетел тілі: екі шет тілі
Исары Самал Нұржанқызы
303-топ
1. Орта жалпы білім беру сатысында микрооқытуды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
2. Заманауи педагогикалық технологияларға тоқталыңыз және толық сипаттама беріңіз
3. Қашықтықтан оқыту барысында "Төңкерілген сынып" заманауи педагогикалық технологиясының мәнін ашыңыз: мақсаты, негізгі кезеңдері және олардың мәні, нәтижелері
4. Геймификация элементтері бар негізгі мектеп оқушыларына арналған пән бойынша сабақтың педагогикалық сценарийін жазыңыз.
5. Білім беру процесін ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін цифрлық білім беру платформаларының мүмкіндіктері.
1. Адам білімнің арқасында еңбек пен шығармашылықтың белгілі саласында жасампаз қызметке қабілетті болады. Білім беру тек дүниені тану ғана емес, сонымен бірге тұлғаны оның қайталанбас өзгешелігін дамытуды қамтамасыз ету. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жəне іске асыру туралы айта отырып, ең алдымен мынаны анықтап алу маңызды: біріншіден, білім берудің мазмұнында бір нені түсінеміз жəне, екіншіден, білім берудің қойылуы қалай түсінеді. Ең алдымен біз «не береміз» жəне «не үшін береміз», ал сосын «қалай береміз» анықтап алуымыз қажет. Алдыңғы екі сұраққа жауапты білмей отырып, үшінші сұраққа жауап берудің қажеті жоқ, ал сосын білім берудің мазмұнынан бастайық. Білім беру мазмұны проблемасы бойынша педагогика классиктерінде көзқарастардың толық біртұтастығы бар. Олар мектепте (университетте, гимназияда, яғни, жалпы білім беру жҥйесінің ресми саласында) берілетін білім ешқайда жарамайды. Неліктен? Ең басты екі дəлел келітірледі: 1) бұл өмірге қажет емес, схоластикалық білім, 2) білім емес. Шын мəнінде, адами білім (барлық адами білім) барлығы бəрімен байланысты, барлығы бəріне тəуелді, бүкіл ағза өмір сүре алмайтын басты бір нəрсесі жəне онсыз өмір сүре алатын қосалқы бір нəрсесі бар бірегей жүйені, бірегей ағзаны білдіреді. М.Монтень айтқандай, нағыз дұрыс оқыту біздің ақылымызды да, біздің əдеп-ғұрпымызды да өзгертеді. В.А.Сластениннің пікірі бойынша, шебер, жаңартушы, жасампаз болу үшін педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен механизмдерін игеру қажет. Бұл ойлауға жəне əрекет етуге, өз бетінше педагогикалық құбылыстарды талдауға, оларды құрамдас элементтерге бөлуге, əрбір бөлікті тұтасымен байланыста тҥсінуге, оқыту жəне тəрбиелеу теориясында қарастырылатын құбылыстың логикасына теңбе-тең идеяларды, қағидаларды табуға; оларды дұрыс диагностикалауға оның психологиялық-педагогикалық ұғымдардың қандай категориясына жататынын анықтауға; негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы) жəне оны тиімді шешу əдістерін табуға мҥмкіндік береді.
2. Технология – бұл қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы (түсіндірме сөздік). Бұл педагогтың қызметіне қатысты барлық іс-әрекеттер белгілі реттілікпен және тұтастылықпен ұсынылатын құрылымы, ал оны орындау қажетті нәтижеге жетуді тұспалдайды және болжамды сипатқа ие. Жүздеген білім беру технологиялары бар. Жаңа психологиялық-педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері:
∙ білім алушылардың психофизиологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін тереңнен ескеру және қолдану қажеттілігі;
∙ білім берудің тиімділігі төмен вербалды (ауызекі) тәсілін жүйелі-қызметтік тәсілге алмастыру қажеттілігін түсіну;
∙ оқу үдерісін, оқудың кепілдемелі нәтижелерін қамтамасыз етуші оқытушы мен оқушының әрекеттестігінің ұйымдастырушылық нысандарын жобалау мүмкіндігі.
Дәстүрлі технология. Жағымды тұстары:
Оқытудың жүйелі сипаты. Оқу материалын ретті, логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізу. Ұйымдастырушылық нақтылық. Мұғалім тұлғасының тұрақты эмоционалды әрекеттестігі. Жаппай оқуда ресурстарды оңтайлы шығындау.
...