Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Карым-қатынас мәдениеті

Автор:   •  Февраль 21, 2020  •  Реферат  •  1,113 Слов (5 Страниц)  •  769 Просмотры

Страница 1 из 5

Сабақ қызықты және пайдалы  болып өтуі керек. Оны балалардың шыдамсыздана күткені дұрыс болады. Ал оның мерекелік сипаты балалардың оған әр түрлі сөздер әзірлеуі, сынып өміріндегі оқиғаларды талқылауы, ойнауы, ата-аналарды шақырып, оларға өз өнерлерін көрсетуі арқылы жүзеге асады. Сабақ әдетте мұғалім әңгімесімен басталатын болады, онда сабақ тақырыбы айтылып, балаларға сұрақтар қойылады. Сабақ соңында мұғалім тиісті қарым-қатынас ережесін дәл тұжырымдап, қорытындылайды. Ережелерді жасауға балаларды қатыстырған абзал. Қаншылықты икемсіз болған күнде де, балалар тұжырымынан қорқудың қажеті жоқ.  Мұндай жағдайда ережелерді балалардың өздері жасаған болып шығады да, оның мақсаттылығы артады. Ережені плакат етіп жасаса, тіптен ғажап. Сабақ көбіне әңгімені түрлі әрекеттерді көрсету, ойын, қойылымды кезектестіру арқылы жүреді. Мұндай сабақ тоқсан сайын 1-2 рет өтуі тиіс. Уақыты 35-45 минутты құрайды.

Сабақтың  мазмұнды және қызықты өтуі, балалардың өз өнерлерін жақсы көрсетуі,  барлық ережелерді олардың шамасында дәл тұжырымдалуында. Солай болған күнде де дұрыс қарым-қатынас тәжірибесін жинақтау жөніндегі негізгі жұмыс,  бастауыш сынып оқушыларының күнделікті өмірдегі: сабақ үстінде, үзілістер кезінде, үйге қайтар жолда, театр мен киноға барғанда, саяхаттар мен экскурсияларда, өзара және үлкендермен қарым-қатынас кезінде жүргізілуге тиісті, міндетті. Сондықтан, мұғалім назары әр кез бала өмірін  дұрыс қарым-қатынасқа жаттықтыратындай етіп ұйымдастыруға  ауады.  Егер де оқушылар өздеріне қойылған талаптарды жақсы түсінсе, белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білетін болса, олардың тәртібіне, мінез-құлқына бақылау - мұғалім тарапынан ғана емес, балалар ұжымы тарапынан да болады.

Сыныппен жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің ең басты мінедті болып табылады. Сонымен бірге, жекелеген оқушылармен олардың тәрбиелік дәрежесіне, отбасындағы өмір жағдайына байланысты жеке жұмыс та жүргізілетін болады.  Балалармен жеке жұмыс, ата-аналармен тығыз байланыс кезінде жүзеге асатын болады.

Бастауыш сыныптарда көптеген оқушылар мәдени қарым-қатынас ережелерін орындай біледі және орындайды. Олар өздерін мектепте, отбасында, қоғамдық орындарда  жақсы ұстайды. Бізді басқа жай алаңдатады. Оқушылар отбасында, тіпті төменгі сынып оқушаларының арасында дөрекілік, салақтық, тәртіпсіздік, сыпайылық сақтамау, киімді дұрыс күтпеу секілді кемшіліктер әлі кездесіп жатады. Бұл мұғалімдер мен ата-аналарды қатты ойландырады.

Көп жағдайда  мұғалім балаларды  қарым-қатынас мәдениетіне оқта-текте  баули  бастайды. Егер балалар нақты бір жағдайда өздерін қалай  ұстау керектігін білмей қалып жатырса, мұғалім түсіндіреді, көрсетеді, жаттығулар жасатады, талаптар қойып, тәртібін бақылайды. Егер балалар тәртіп бұзса, қаталдық танытады. Әрине, енді ғана кездескен жағдайға байланысты жүргізілген жұмыс, тиісті жұмыс нәтижесін береді. Бірақ, бұл істеген стихиялық пен кездейсоқтық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде елеулі оқылықтарға әкеледі. Сол себепті де, ережелерді бұзу жолдарының бірі – балалардың оларды білмейтіндігінде болып тұр. Мәселен, үлкендермен амандасқанда қолды бірінші болып ұсыну, түрегеп тұрған ересек адамдармен отырып сөйлесу - әдепсіздікке жататынынан балалар бейхабар.
     Бұл мәселелерді түзетуге болады. Мәдени қарым-қатынас ережелерінің мазмұны - көптеген арнаулы кітаптарда, кітапшаларда, мақалаларда  және педагогикалық журналдарда мейілінше анық және толыққанды түсінік берілген. Демек мұғалім, балаларға тіптен кей жағдайларда ата-аналарға қандай ереженің бейтаныс екенін біле салысымен, дереу ол туралы ақпарат беруге тиісті. Ендігі,  кейбір ережелерді балалар білгенімен орындай алмай жатады. Мәселен, олар жол көлігінде келе жатқанда, үлкендерге орын беру керек екенін біледі, солай жасайды. Бірақ, дөрекі түрде, басқаларға әдейі көрсете  отырып, шынайы ықылассыз жасайды. Демек, мұғалім әр бір ережені айтып қана қоймай, оның қалай орындалу керек екенін, шынайы ниетпен жасау қажет екенін түсіндіруі тиіс.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (67.2 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club