Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жас отбасы және оның міндеттерімен ерекшіліктері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  769 Слов (4 Страниц)  •  642 Просмотры

Страница 1 из 4

      Жас отбасы және оның міндеттерімен

                       ерекшіліктері

                                   

                         

                                     СӨЖ

 

Орындаған:Маралова Еркежан

Тексерген:Азизова.A

                                       

                                  Семей 2021

  1. Отбасының құрылуы. Бірінші баланың өмірге келуіне дейін жас отбасылар міндеттер қатарын шешіп алады. Олардың ішіндегі ең маңызды мәселелер жұбайлардың жалпы отбасылық өмір жағдайына және бір-бірінің психологиялық ерекшеліктеріне бейімделуі болып табылады. Бұл кезеңде жұбайлардың өзара жыныстық бейімделуі жүзеге асырылады немесе аяқталады (егерде некесіз қатынаста болса). Отбасылық бұл даму кезеңінде негізгі күш бастапқы отбасылық бұйым, жабдықтар қолдануға жіберіледі, яғни пәтер-үй мәселесі мен ортақ мүлік арттыру мәселелерін шешіп алулары керек. Дәл осы отбасылық даму кезеңінде туыстары мен қатынастары құрылады.

Жас отбасыларының көпшілігі бірлескен жұбайлық өмірдің басында-ақ ажыраса бастайды. Бұндай некелердің бұзылуының негізгі себептері ерлі-зайыптылық өмірге дайынсыздық, тұрмыстық жағдайдың қанағаттандырылмауы, үйленгеннен кейін пәтер жайдың болмауы.

Еңбек әрекетін бастамаған балалы отбасы. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінен кейін өмірлік циклдіңнегізгі, орталық кезеңі, яғни құрамында ер жеткен балалары бар жетілген отбасының құрылуы. Отбасылық өмірде бұл едәуір шаруашылық-тұрмыстық белсенділік уақыты. Әйелдердің, ер жетпеген баласы бар аналардың үй шаруашылығымен айналысуға жұмыстан тыс көбірек уақытын бөліп отыруына тура келеді. Мұндай отбасыларының ер азаматтары үй еңбегіне орташа есеппен күніне 1,5-2 сағат бөледі.

Бала дамуының әрбір жаңа кезеңі бір жағынан өткен кезеңдерде отбасы қызмет етуі қаншалықты тиімді болғанының өзгеше тексеруі, бақылауы болса, екінші жағына олардың алдында жаңа міндеттер қойылады, ата-аналардың қабілеттілік пен ептілік, шеберлік сияқты басқа да қасиеттерді талап етеді. Отбасы дамуының бұл кезеңінде де әртүрлі мәселелермен бұзылулар болып тұрады. Сондай-ақ дәл осы кезеңде отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі де кездеседі.

Бұл уақыттағы отбасылық тіршіліктің бұзылуының негізгі бастауы, біріншіден жұбайлардың шамадан тыс жүктелуі, олардың күштерінің зорлануы, екіншіден рухани және эмоционалды қатынастарды қайта құру қажеттілігі болып табылады. Дәл осы кезеңде әртүрлі эмоционалды салқындық, жұбайын өзгерту, жыныстық (дисгармония) үйлесімсіздік, серігінің мінезіне көңілі толмау себебін ажырасу, басқа адамды ұнатуларда кездеседі.

Отабасылық өмірдің бірінші кезеңіне тән эмоционалды қатынас мәселесі, конфликттер олардың салқындауына әкеледі. Отбасылық тіршіліктің негізгі бұзылыстары тәрбиелік қиындықтармен де байланысты.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (45.6 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club