Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі
Автор: NurgulZhanturina • Май 2, 2018 • Реферат • 15,085 Слов (61 Страниц) • 2,570 Просмотры
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі.
Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Ойын бала денсаулығына, оның дұрыс дамуының көрсеткіші болып табылады. Бала неғұрлым сау болса, соғұрлым ол ықыласымен, әртүрліше көп ойнайды.
Ойын көбіне балалық шаққа тән (мектепке дейінгі балаға ол іс-әрекеттің негізгі түрі), бірақ оны баланың монополиясы ретінде қарастыру қате болар еді.
Жастар да, ересектер де ойнайды, әрине, ойынды өзгеше мазмұнға толықтырып, басқаша түрде ойнайды. Олар үшін басты іс-әрекет – еңбек болып табылады. Баланың ойындар азамат іс-әрекетінің басқа да түрлері секілді қоғам тарихымен анықталады. Ойынның қоғамдық-тарихи сипаты шығу тегімен ғана емес, оны жүзеге асыру тәсілімен де анықталады. Басқаша айтқанда, ойындардың формасы мен мазмұны қоғамдық қатынастар мен балалар өмірінің нақты жағдайлары арқылы анықталады.
Дипломдық жұмыс зерттеуінің нысаны. Ойынның мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіне әсер ету процессі.
Дипломдық жұмыс зерттеуінің пәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс-әрекетінің қалыптасуының және жекетұлғалық дамудағы ойынның психикаға әсерінің диагностикасы.
Дипломдық жұмыс зерттеуінің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауына ойын іс-әрекетінің әсерін зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалды:
- Ойын басты іс әрекет ретінде сипатталды;
- Шығармашылық ойлау қалыптастырылуының ғылыми негіздері қарастырылды;
- Мектепке дейінгі ұйымда тәжірибелік жұмыс жасау үшін, әдістемелер жасақталып, ойындар таңдалды.
- ойын әрекетінің ерекшеліктерін анықтау бойынша тәжірибелік әксперименттік жұмыс жасалды.
Қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайына баға.
Қазіргі таңда педагогика, психология ғылымдарында ойынның рөлі анықталған, бірақ нақты ойынның баланың шығармашылық ойлауына әсері кеңінен зерттелмеген,
...