Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дене шынықтыру сабағын жаңа педагогикалық технология бойынша өткізу әдістері

Автор:   •  Декабрь 27, 2019  •  Курсовая работа  •  4,969 Слов (20 Страниц)  •  1,407 Просмотры

Страница 1 из 20

Мазмұны

Кіріспе        4                                                

1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ        .        6

1.1. Педагогикалық  технология түсінігі         6

1.2.Педагогикалық технология мақсаты, принциптері        9

1.3. Оқытудың педагогикалық технологияларын топтастыру        11

2.ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МӘНІ        14

2.1. Дене шынықтыру сабағын жаңа педагогикалық технология бойынша өткізу әдістері        14

2.2. Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын енгізудің  тиімді жақтары        18

3.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ        22

Қорытынды        25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі        26

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару - бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті. Қазіргі білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер – тарихи объективті процесс. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.

Тақырыптың өзектілігі сол, білім жүйесіндегі педагогикалық технология – білім  мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа  әдісін, түрлері мен басқа да компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.

Зерттеу жұмысының нысаны: оқытудың педагогикалық технологиясының мәні

Зерттеу жұмысының пәні: денешынықтыру сабағындағы педагогикалық технология

Зерттеу жұмысының мақсаты: оқу процесіндегі дене шынықтыру сабағында педагогикалық технологиялардың мәнін анықтай отырып практикалық зерттеу жүргізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • педагогикалық  технология ұғымының теориялық негіздерін саралау;
  • педагогикалық технология мақсаты, принциптерін анықтау;
  • дене шынықтыру сабағын жүргізудегі  педагогикалық технологияның мәнін ашу;
  • дене шынықтыру сабағын жаңа технология бойынша өткізу әдістерін қарастыру;
  • дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің  тиімді жақтарын талдау.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер дене шынықтыру сабағын түрлендіріп, жаңа оқыту технологиялары арқылы ұйымдастырса қортындысында нәтижелі болмақ.  

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу тәжірибесінің қортындысы бойынша «Дене шынықтыру пәнін жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы негізінде оқыту» тақырыбында әдістемелік кітапша ұсынып отырмын.

        Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: талдау, жүйелеу, топтастыру салыстырмалы – аналитикалық  әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: екі тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан,  пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Педагогикалық  технология түсінігі

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

...

Скачать:   txt (74.8 Kb)   pdf (213.6 Kb)   docx (33 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club