В.Ф Шаталофтың педагогикалық жүйесі
Автор: Zhanbolat Ospan • Декабрь 14, 2023 • Реферат • 458 Слов (2 Страниц) • 84 Просмотры
В.Ф Шаталофтың педагогикалық жүйесі
Мұғалім -новатор 70-жылдары мектеп және жоғары оқу орындары мұғалімдері арсында "Шаталов әдісі деп аталып кеткен өзінің байыпты оқу жүйесін жасап шығарды.В,Шаталовтың педагогикалық жүйесі көптеген жылдар бойы соқтықпалы-соқпақты жолмен жүріп , оны КСРО ПҒА өкілдері қатты сын тезіне салды,алайда,оны мектептердің техникумдар мен ЖОО практик мугалымдеры барынша зерттеп-зерделеп және қолданып келеді .Тек Е,Г,Лихачевтың "Орта және жоғары мектепті қайта құру барысы мен партияның оның жүзеге асырудағы міндеттері туралы"КСРО ОК пленумндағы жасаған баяндамасындағы "айқайынан " кейін ғана В,Ф,Шаталов өзінің тәжрибесін жалғастыруға мүмкіндік алды ,ол баяндамада ,"мақсатқа жетелейтін жол"-мектепке шығармашылыққа деген құқық беру.Бет-бейнесі дарынды,ойлау жүйесі ерекше және өз ісіне берілген педагогтардың қам-қарекеті арқылы айқындалатын енді пайда болған мектептердің жас өскіндерін жұлып тастап емес,оларды барынша аялау керек" деп айтылған.
В,Ф Шаталовтың педагогикалық жүйесінің негізгі постулаттары:
1) материалды мейілінше түсінікті,тіпті оңайлатып айтып беру, ол үшін мыналарды істеген абзал:
-бір нәрсені әртүрлі сөздер арқылы 3-4 рет қайталап,балалардың зейініне түсетін артық күшті азайту;
-бір сабақта бір теорияны емес,тақырыптар өзара байланысты болатын"ірі-ірі блоктар арқылы оқыту.Мысалы,ол бір сабақта "Шексіз прогрессиялар,"Шектер туралы негізгі теоремалар"тақырыптарын өтеді де,үздік нәтижелерге қол жеткізеді,өйткені "сол жылдардағы оқыту бағдарламасындағыдай материалды 5 сабаққа бөлшектеу түсініп алуды қиындатып ,бүтін нәрсені жеке-жеке үзінділерге бөліп,олардың өзара байланыстылығын көруге кедергі келтіреді,
2)Оқушылардың бір мезетте әрі жазып,әрі тыңдауына рұқсат бермеу.Ол бұл екі үдерісті екі айырады,яғни, мына заңдылықты қолданады:тыңдау қабілеті барлығында бірдей дамымағандықтан,зейінді жазуға және түсінуге екіге бөлінеді.Оқушылар әуелі тыңдайды,соан кейін олар не жазып алады,не Шаталов оларға қайталап шығуға мүмкіндік береді
3)Теорияға алдын ала көз жүгірту,оны материялдың логикалық тізбегі көрініп тұратын блок-схемаларда немесе конспектерде түсіндіре түсу.Өте әдемі,жарқын,ерекше бейнелеу,көрім анализаторының заңдылығын пайдалану.Өзекті конспектілер өзін қадағалауға және ата-аналары тарапынан қадағалауға мүмкіндік береді.
...