Критериальді бағалау жүйесі жаңа педагогикалық технология ретінде
Автор: Ayaulym Onerbek • Март 27, 2022 • Реферат • 3,142 Слов (13 Страниц) • 825 Просмотры
Жоспары:
Кіріспе___________________________________________________________3
Критериальді бағалау жүйесі жаңа педагогикалық технология ретінде___________________________________________________________4
Критериальді бағалаудың міндеттері, ерекшелігі және мүмкіндіктері_____________________________________________________7
Критериальді бағалау жүйесінің тиімділігі жайлы______________________10
Қорытынды______________________________________________________13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі____________________________________14
Кіріспе
Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”- деп ұлт көшбасшысы,елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай қазіргі таңда жас ұрпақты жаңашылдықпен дамытып , білім беріп, тәрбие нәрімен сусындандыру бүгінгі күннің ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен кезек күттірмес жауапты іс болып отыр. Сол себепті де Елбасымыз бен еліміздің білім беруді дамыту мен жаңарту саласындағы азаматтар білімді жаңаша тәсілмен білім беруді бүгінгі кезеңде басшылыққа алып отыр. Педагогикалық қызметтің басты мақсаты — жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану.Қазіргі уақытта мұғалімнің алдында тұрған жауапты міндет – білім алушыға тиянақты білім беру. Оқыту үдерісінде білім алушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, білім алушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт – бағдар беру, ой – өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.
Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Республикамыздың білім беру жүйесінң ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігін дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі, оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз білім алушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
...