Бағдарламаның дидактикалық және этнопедагогикалық негіздері
Автор: 87078364366 • Сентябрь 14, 2021 • Реферат • 697 Слов (3 Страниц) • 483 Просмотры
Түсінік хат
Бағдарлама қосымша білім беру саласы бойынша "тоғызқұмалақ"үйірмесі оқушыларға үйретумен қатар, олардың ой - өрісін, сана сезімін дамытуға, ұстамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа, жігер - намысты шыңдауға көп еңбектенуге тәрбиелейді
Бағдарламаның дидактикалық және этнопедагогикалық негіздері.
Қазақтың ұлттық ойыны. Тоғызқұмалақ ойынын үйретудің бағдарламасы спорт секцияларына сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердегі үйірмелерге арналған. Бағдарлама көлемі 1(бір) жылға есептелген және ойынның теориясы мен жарысқа қатысу, төрелік ету мәселелерін қарастырады. Бұл кезеңде үйренушілер терең ойлауға, тез шешім қабылдауға, сонымен қатар, математикалық амалдарды толық меңгеруге бағыт алады.
Өйткені, тоғызқұмалақ ойыны математикалық амалдардың аумағына толық сияды.
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты: дене тәрбиесі мен спортқа, сонымен қатар ұлттық спорт түрлеріне аса үлкен саяси, қоғамдық мән беріліп отыр. Қазақ жастарының спортпен шұғылдануы олардың жеке басының ісі емес, қоғамдық міндеті, өйткені, спорт қоғамдық іске пайдалы және Отанды қорғауға лайық азаматтар тәрбиелеуге көмектеседі.
Міндеті:
- «Тоғызқұмалақ» ойынын үйрету, негізгі мағынасын түсіндіру
- Ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетттерін, төзімділікке, ұстамдылыққа, шапшаңдыққа, үйренеді
- Отанды қор,ауға лайықты азаматтар болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер:
- Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
-Төзімділікке, ұстамдылыққа, шапшаңдыққа үйренеді
- Тоғызқұмалақ ойыны ұлттық ойын түрі ретінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылады.
- Үйірме мүшелері тоғызқұмалақ ойынына машықтанады, мол тәжірибе жинайды.
- Осы ойын әдістерін үйрету арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.
- Дарынды оқушылар іріктеледі.
- Аудандық байқауларға қатысу арқылы бұл ойын бұқаралық сипатқа ие болады.
Түсінік хат
Тоғызқұмалақ – қазақта кең тараған, өте қызықты, ойлы ойын. Қаратау қазбаларының арасынан табылған тас «қазан» осы тоғызқұмалақты еске салады. Бұл ойын Қызғызстанда, Монголияда, қарақалпақстанда, Өзбекстан қазақтарның арасында, алыс шетел қазақстанның арасында қатты дамыған.
Бұл бас шынықтыратын ойынды біздің ұлттық «шахматымыз» десе болғандай. 162 таспен ойналатын осы бір ойлы ойынның жоғалып кетпеуіне кезінде академик-жазушы Мұхтар Әуезов, халық артисі Қалибек Қуанышбаев, техника ғылымының кандидаты М. Ибраев пен шахматшы Е.Браундардың сіңірген еңбектері өте зор.
Тоғызқұмалақтан алғашқы республикалық жарыс 1948 жылы өткізіліп, жарысқа халық ойынының шеберлері Абайдың немересі Ысқақов (Семей), Аңдамас Жөкеев (Қарағанды), Оспан Қаржауов (Семей), Шорман Өтегенов (Жамбыл) сияқты тоғызқұмалақшылар қатысты.
Республиканың тұңғыш чемпионы Ш.Өтегенов болды. 1948-1960 жылдар аралығында Қазақстан аймағында көптеген біріншіліктер өтті. Осы кезеңдерде қатарынан алты жыл бойы Жамбыл облысының өкілі Рахымбай Ахмамбетов бірінші орынды жеңіп алып отырды. Кейін көп жылдар бойы бірінші орынды В. Поляков пен Қасымов алма кезек жеңіп алып отырды.
Халқымыздың кемеңгер ақыны Абай кезінде тоғызқұмалақтың аса шебер ойыншысы болған.
Тоғызқұмалақ үйірмесінің жоспары
№ | Өтілетін сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Өтілетін мерзімі |
1 | Тоғызқұмалақ тарихы | 2 сағ | |
2 | Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы түсінік | 2 сағ | |
3 | Ойынды жазу тәртібі | 2 сағ | |
4 | Тоғызқұмалақ отаулары жайлы түсінік | 2 сағ | |
5 | Тоғызқұмалақ әліпесі | 2 сағ | |
6 | Жүрістің түрлері | 2 сағ | |
7 | Тұздық немесе тұзды үй | 2 сағ | |
8 | Екі жақты ойын | 2 сағ | |
9 | Бай отаулар | 2 сағ | |
10 | Ат және атсырау | 2 сағ | |
11 | Жүрісті есептеу | 2 сағ | |
12 | Тоғызқұмалақ нотациясы мен партиялары | 2 сағ | |
13 | Жүрістерді талдау | 2 сағ | |
14 | Ілгері және кері есеп | 2 сағ | |
15 | Қанды қақпан ойнау | 2 сағ | |
16 | Бай отаулардың жүрістерін талдау | 2 сағ | |
17 | Екі жақты ойын | 2 сағ | |
18 | Ілгері және кері есеп | 2 сағ | |
19 | Отауларға тоқталу | 2 сағ | |
20 | Ережемен ойнау | 2 сағ | |
21 | Тұздық немесе тұзды үй | 2 сағ | |
22 | Бай отаулар | 2 сағ | |
23 | Аатсырау | 2 сағ | |
24 | Жүрісті есептеу | 2 сағ | |
25 | Тоғызқұмалақ нотациясы мен партиялары | 2 сағ | |
26 | Жүрістерді талдау | 2 сағ | |
27 | Ілгері және кері есеп | 2 сағ | |
28 | Қанды қақпан ойнау | 2 сағ | |
29 | Бай отаулардың жүрістерін талдау | 2 сағ | |
30 | Ілгері және кері есеп | 2 сағ | |
31 | Отауларға тоқталу | 2 сағ | |
32 | Ат және атсырау | 2 сағ | |
33 | Жүрісті есептеу | 2 сағ | |
34 | Ережемен ойнау | 2 сағ |
...