Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі

Автор:   •  Октябрь 17, 2018  •  Реферат  •  1,532 Слов (7 Страниц)  •  2,537 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәні

Бастауыш мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі

Орындаған: Нұрқа Ұлжан Әбділақынқызы

2018 - 2019 оқу жылы

Тапсырма 2

1.Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының басым бағыттары

2. Еңбек және экономикалық тәрбиеге қатысты педагогикалық жағдаят құрастырыңыз

3. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық және азаматтық тәрбиесі бойынша қос жазба күнделігін толтырыңыз

Патриоттық тәрбие

Азаматтық тәрбие

Әдістемелік нұсқау:

Бірінші сұрақ бойынша, 2 беттен тұратын  мәнжазба дйындау қажет. Ғаламтордан көшірілген жұмыс ешбір өңдеусіз жіберілсе баллыңыз төмендетіледі.

Екінші сұрақ бойынша, қазіргі қаржы мәселесін дұрыс жолға қоюдың алдын-алуға байланысты бастауыш сынып оқушыларының қолына қандай көлемде ақша берілуі қажет. Оларға үнемдеуді қалай үйретеміз деген мәселе бойынша 1 пед.жағдаят ойластырып жазыңыз. Жағдаят түсінуге жеңіл және логикалық ойды қозғайтын болуы шарт.

Үшінші сұрақта тапсырманы толтыру берілген. Мұнда екі жақты тәрбиені бір-бірімен салыстыру  және тиімділігін анықтау мақсатында беріліп отыр.

1.Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының басым бағыттары

Бастауыш сынып тәрбие жұмысының бағыттары төмендегідей:

  • жан-жақты, үйлесімді дамыған адам қалыптастыру;
  • жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамилық спаларын тәрбиелеу;
  • оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлік, құндылықтарға араластыру;
  • қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен тұлға құқықтары және міндеттеріне сәйкес өмірлік көзқарас, бағыт тәрбиелеу;
  • оқушы мүмкіндіктері мен ниеттерін, қоғам талаптарын бірлікті ескерумен оның бейімділігін, қабілеттерін және қызығу ұмтылыстарын дамыту;
  • жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді, көп түрлі қызмет, іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
  • тұлғаның әлеуметтік аса маңызды қызметі-қарым-қатынасын дамыту.

Қазіргі кезде сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге болады.

Бірінші бағыт - Денсаулық Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын қорғау, сақтау және дамыту мақсатында сынып жетекшісі оқушылардың физикалық денсаулығын зерделеу және алдағы уақытта түзету үшін мектептің, аудан, немесе қаланың медицина қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайды және пән мұғалімдеріне кеңес береді; денсаулықты сақтау, дамыту, түзету бойынша оқушылармен ағартушылық жұмысты ұйымдастырады; дене шынықтыру сабақтарына, спортпен айналасуға дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Екінші бағыт – Қарым-қатынас

Қарым-қатынас – бұл бала тұлғасын дамытуға, ең алдымен көпшілікке таныс құндылықтар қалыптастыруға бағытталған этикалық тәрбиесіне барынша көңіл бөлу ескерілген ықпал.

Үшінші бағыт -Адамгершілік. Оқушыларды өз дене дамуының сапалары туралы білімді, қатынас жасау біліктілігін дамыта отырып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге зор назар аудару қажет. Сынып жетекшісі оқушыларды адамзаттың өмір сүруінің мәнін, өзінің және өзге адамдардың өмір сүру құндылықтарын түсінуге үйретеді.

Төртінші бағыт – Оқу. Оқушылардың зияткерлік біліктіліктерін дамыту – сынып жетекші жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырғанда жалпы сыныптың оқу ерекшеліктерін зерделеу және әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін алдағы уақытта түзету үшін анықтау;

Бесінші бағыт-Бос уақыт

Сынып жетекші жұмысының маңызды құрамдас бөлігі балалардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Бұл -  демалыс, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту және адамдармен еркін қарым-қатынас жасау уақыты.

...

Скачать:   txt (23.6 Kb)   pdf (168.3 Kb)   docx (21 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club