Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
Автор: Sabina04aa • Апрель 9, 2022 • Лекция • 878 Слов (4 Страниц) • 707 Просмотры
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Мамандық: 6В01402 – «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау»
ГЛОССАРИЙ
Пәннің атауы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі»
(футбол спорты бойынша)
Дайындаған: 1402-21оқу тобының
студенті Туймебай.С.А
Қабылдаған: доцент м.а. Амидов А.И.
Шымкент, 2022 ж.
Глоссарий
Тақырып: Глоссарий\шолу жазбаша, 2-4 бет., 6-10 апта тақырыптарындағы (6-10 дәрістегі) термин сөздерге анықтама.
1. Қабырғадан қайтқан допты тебу- Қабырғаға лақтырылған доп қайтып ойыншыға келгенде ойыншы допты ауада жерге түсірмей аяқ үстімен, оң
және сол аяқтың ішкі, сыртқы жағымен орташа биіктікте, төменмен тебеді.
2.Аяқ үстімен тебу- Қабырғада 15 метр қашықтықта қабырғадан қайтқан допты тоқтатып және бір жанасу арқылы аяқ үстімен тебеді.
3.Допты алып келіп тебу- Ойыншы қимылды қабырғадан 30 метр жерден бастайды да дайындықсыз оң немесе сол аяқтың үстімен, аяқтың ішкі жағымен тебеді. Содан кейін ойыншы қайтқан допты алып бастапқы орнына барады.
4.Допты диагональ бойымен алып жүру- Ойыншы допты қабырғаға бағыттап диагональ алып келіп, аяқ үстімен қабырғаға қатты тебеді.
5. Допты қабырғаға параллель алып жүру- Ойыншы допты бірде тез, бірде жай алып жүреді. Нысанаға ортамен шығып қабырғаға бұрыла аяқ үстімен допты тебеді.
6.Допты оңға және солға алып жүру- Ойыншы солға жүгіріп допты қабырғаның ортасына теуіп өзі оңға жүгіреді де бір жанасу арқылы допты тағы қабырғаның ортасына тебеді. Осылайша ойыншы допты қабырғаға диагональ теуіп отырып, өзі қабырғаға параллель жүгіріп отырады.
7.Бір ойыншыға арналған жаттығу- Жүгіру бағытын өзгерте отырып ойыншы допты аяқтың сыртқы жағымен, аяқтың ішкі жағымен, аяқ үстімен, бір шетке допты алып кету, 180-қа бұрылуға, допты тоқтатумен, допты домалатып артқа беру, түзу бойымен, шеңбер бойымен, “жылан” тәрізді алып жүру.
8.Екі ойыншыға арналған жаттығу- Екі ойыншы 4 метр қашықтықтан бір-біріне допты бағыттайды. Ойыншы допты аяқ үстімен қабылдайды, сосын аяқ табанының ішімен, жамбаспен, кеудемен баспен ойнайды. Сосын допты жерге түсіріп серпілген допты аяқ үстімен жақтасына бағыттайды. Жақтасы да допты қабылдап жоғарыдағыдай етіп жаттығуды қайталайды.
9.Үш ойыншыға арналған жаттығу-Үш ойыншы үшбұрыш түзіп арақашықтығы 20 метрден тұрады. Ойыншы А төменмен аяқ үстімен жақтасы Б-ға тебеді. Ол допты қабылдап үшінші ойыншы В-ға төменмен тебеді.
10.Төрт ойыншыға арналған жаттығу- Төрт ойыншы төртбұрыш түзіп бір-біріне бір жанасу арқылы допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен сағат тілімен немесе қарсы бағыттайды.
11.Қиғаштап доп беру және орын алмасу тәсілі- Допты алып келе жатқан ойыншы қаптал сызығынан орталыққа қарай жүгіреді. Шамамен, айып алаңының сызығынан ол допты қиғаштап бұрыштама қапталына береді де өзі қақпа алдындағы алаңға қарай жүгіреді. Екінші ойыншы сол кезде орталықтан шетке қарай ойысады да, допты қуып жетіп, айып алаңындағы бұрын жеткен серігіне әуелете береді.
...