Бастауыш мектептегі пәндер арқылыоқушыларыдың адамгершілік санасын қалыптастыру
Автор: aminaboranai • Май 18, 2018 • Курсовая работа • 7,199 Слов (29 Страниц) • 1,197 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1.Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері
1.1. Тәрбие әдістері арқылы адамгершілік сананы қалыптастыру.........................5
1.2. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар............................................................................................. ....8
1.3.Адамгершілік қасиеттері мен сапалары: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны. ............................................................................................11
2. Бастауыш мектептегі пәндер арқылыоқушыларыдың адамгершілік санасын қалыптастыру.
2.1. 3-сыныпбағдарламасы мен оқулығына талдау........................... .................15
2.2. Бастауыш сыныпсабақтарында оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен.........................18
2.3. Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен
нәтижесі ...................................................................................................................23
Қорытынды ...........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерін қолдану қазіргі таңда көп септігін тигізеді. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістерді тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.
Ғалым- педагогтар Н.И.Болдырев, Н.Г. Гончарев, Р.Р. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау да қарастырады.
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайсыбірін алсақ та, олар негізінен жеке тұлғаның қалыптасуындағы оның мәні мен іс-әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлелдейді. Сол себептен де тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат-міндеттері мен мазмұнына байланысты анықталады.
Тәрбие жұмысында әр баланың даму ерекшелігін, жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тапсырма беру кезінде бала темпераменті ескеріледі, мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайды, сондықтан үнемі бақылап, тапсырманы толық орындауға үйрету, жаттықтыру қажет. Бұл әдістер оларды жауаптылыққа, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның II-III даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру, т.б. әдістер қолданылады. Балаларды арасында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен, түрлі жағымсыз әрекет болады. Мұңдай педагогикалық жағдаяттарда этикалық тақырыптарға әңгімелесу әдістері қолданылады. Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, адамгершілік келбеті айқындалып, дүниетанымы, көзқарасы, қалыптасады. Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін, дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды.
...