Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баланың дамуы мен қалыптасуына, тұқым қуалаудың, ортаның және тәрбиенің рөлі

Автор:   •  Декабрь 4, 2018  •  Лекция  •  2,302 Слов (10 Страниц)  •  3,693 Просмотры

Страница 1 из 10

Баланың дамуы мен қалыптасуына, тұқым қуалаудың, ортаның және тәрбиенің рөлі

Дәріс жоспары

  1. Даму туралы ұғым
  2. Тұқымқуалаушылық
  3. Орта
  4. Тәрбие

Негізгі әдебиеттер:

  1. Андабекова С.Д. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, 2013
  2. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, 2012
  3. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2014
  4. Козлова С.А., Куликова Т.А. Мектепке дейінгі педагогика. – Москва, 2015      

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы. Астана, 2016 жыл
  2. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу». Астана, 2016

                       

1. Даму туралы ұғым

Адамның туа біткен және өсе келе пайда болған қасиеттерінің сандық өзгерістері мен сапалық өзгерістері дене жағынан, психикалық жағынан және әлеуметтік жағынан жетілуін қамтиды:

  • дене дамуы – бойдың өсуі, салмақтың өзгеруі, бұлшық еттердің нығаюы,  сезім органдарының жетілуі, әр түрлі қимылдардың үйлесімділігі;
  • психикалық даму – танымдық және еріктік үдерістің, эмоцияның, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуындағы өзгерістері;
  • әлеуметтік даму – қоғамдық өмірге байланысты мінез-құлықтың, айналадағыларға қарым-қатынастың өзгеруі, ұжым істеріне қатысу.

Даму( 4-сызба) барысында бала жеке адам ретінде – адамзат қоғамының мүшесіне айналады.

            Тегінде бар және туа біткен белгілердегі сандық өзгерістер мен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жататын сапалық өзгерістер – адам дамуы деп аталады.

            Даму сыртқы әсер мен адамға тән ішкі әсердің, күштің ықпалынан болады.

Сыртқы әсер: - қоғамдық өмірдегі материалдық жағдай;

                                 -адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік орта;

                                  - әдейі мақсат көздей ұйымдастырылған тәрбие.

            Ішкі әсер:         - адамның сыртқы ықпалды қабылдауы;

                                  - адамның сыртқы ықпалға әсерленуі;

                                  -адамның сыртқы ықпалға жауап беруі.

Дамуда бала бойына табиғаттан берілген қабілет-қасиеттер жетекші роль атқара ма, жоқ белгілі бір әлеуметтік ортаның әсері, оны қоршаған адамдар ықпалына байланысты нәрселер жетекші роль атқарама деген сұрақ туындайды.

Мынадай пікірлер болған:

  • адам дамуында биологиялық негіз басым, даму – адамның бойында туа біткен қасиеттердің пісіп-жетілуі, туа біткен қасиеттің ортаның әсерімен сан жағынан  өзгеруі. Ал тәрбие оны не жеделдетуге, не тежеуге ғана қабілетті, тәрбие ештенені өзгерте алмайды, ол баланың нышандарына, қабілеттеріне икемделуі тиіс деген. Бұдан жоғары дәрежедегі білім тек ақыл-ой қабілеті жоғары балаларға ғана берілуі керек деген қорытынды шығады, яғни, балаларды түрлі топтарға бөліп, «әліне» қарай білім беру керек;
  • адамның тұрмыс жағдайы, әлеуметтік орта ерекшеліктері оның дамуында ең маңызды нәрсе. Барлық балалар өмірге келген кезде тең, ойындағыны жазуға бола беретін таза тақта деп тұжырымдаған. Адам өзін қоршаған ортаға бейімделуі тиіс деген.
  • «әлеуметтік теңсіз», «қолайлы орта», «қолайсыз орта» деген терминдер тараған. Қолайсыз ортаның әсерінен әлеуметтік теңсіз балалар баяу дамиды, оларға интеллектуалды дамытуды көздейтін білім берудің қажеті жоқ деген.

       Әлеуметтік және биологиялық дегеніміз өзара әрекет етуші екі себеп. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас үдеріс. Психология мен педагогика  тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын, бала дамуына қалай әсер ететіндігін, балаға тәрбие беруді қалай жүзеге асыру керектігін білу үшін бұл әсердің сипаты мен тетігін зерттейді.

      Тұқым қуалаушылықтың, ортаның, тәрбиенің адамның дамуына және оның жеке басын қалыптастыруға тигізетін әсері (5-сызба) туралы педагогиканың ұстанымы қандай?[pic 1][pic 2]

...

Скачать:   txt (21.4 Kb)   pdf (189.6 Kb)   docx (31.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club