Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл Фараби және Абай үндестігі- Ұлы даланың тұтастығы

Автор:   •  Сентябрь 11, 2020  •  Эссе  •  544 Слов (3 Страниц)  •  984 Просмотры

Страница 1 из 3

Эссе

«Әл Фараби және Абай үндестігі- Ұлы даланың тұтастығы»

Өз кезеңінің ұлы ғұламалары, қазақ даласының данышпандары - Әл Фараби бабамыз бен Абай атамыз бүкіл қазақ елі үшін мақтаныш. Олар- он ғасырда бір рет туылатын ұлы ғұламалар.Оларды қандай да бір асыл сөзбен мақтап, мың жерден алғыс айтсақ та, бұның өзі аздық етері белгілі.

Олардың өз елі үшін шыр-пыр болып бәріне де дайын болғандарын ойласам, жүрегім елжіреп, көзімнен еріксіз жас шығады. Бір жағынан ата-бабаларымыздың осыншалықты отансүйгіштік қасиеттері мендегі мақтаныш сезімін оятады.Адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттер,өмір қиыншылықтарын, халықтың азабын өлең-жыр арқылы жеткізіп келешектегі өскелең ұрпақтарына жақсы тәлім-тәрбие беруді көксеп, мақсат еткен ата-бабаларымызға тең келер ешкім жоқ шығар.

Тәлім-тәрбие, білім, даналық сөздерді алғаш болып Фараби бойласа, әрі қарай ізін жалғап, терең бойлап барған Абай болды.Әл-Фараби мен Абай үндестігін, шығармаларының ұқсастықтарын ұзақ уақыт бойы көптеген ғалымдар зерттеген.Олар екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастыра білді.Менің ойымша, Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру,оларды үндестіру,біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз.

Ал қазіргі таңға оралатын болсам бейбіт аспан астында, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырғандығымызға олардың да үлесі бар.Олар қалдырған ақыл- кеңестерінің арқасында халықтың көзі ашылып, бейбітшілік алуға ұмтылып, сол мақсаттарына жетті.

Биыл Әл-Фараби бабамыздың мың бір жүз елу жылдығы, ал Абай атамыздың жүз жетпіс бес жылдығы.Қазақ халқы оларды үлкен мақтанышпен еске алды.Ұлы данышпан ата- бабаларымызға қазақ халқының алғысы шексіз. Екі ғұламаның арасындағы үндестік әр уақытта  да жалғасын таба береді.М.Әуезовтің “Абайдың даналық дариясының бастауында үш көзі бар – олар: бірінші қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдениеті-өнері, екіншісі орыс мәдениеті, сол арқылы Батыс мәдениеті, үшіншісі араб мәдениеті. Мәдениеттің  үшінші көзі- кейінгілердің ісі болады-дағы”,-деген екен.Соның дәлелі ретінде,                                «Ғақлия – нақлия», «ғаламның сәнді сәйкес жарастығы», «ғылым құдіреті», «жүрек таразысы – инсаф», «өмірдің өзі шындық» тәрізді қағидалар Әл-Фараби еңбегінен бастау алып, Абай шығармашылығында да өріс алған. «Абай жолын келешекте кеңейтіп адамдық, шындық жолы – Фараби-Абай жолы деп тануымыз керек..Олай болса,болашақта да қос ғұламаның еңбектерінің талай құпия сырлары мен қырларының үндестіктері әлемге жария болатынына нық сенемін.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (69.2 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club