Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбу Насыр әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатынан қысқаша мазмұндама

Автор:   •  Сентябрь 10, 2022  •  Доклад  •  628 Слов (3 Страниц)  •  638 Просмотры

Страница 1 из 3

Әбу Насыр әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатынан қысқаша мазмұндама

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактаты – әлемнің «Екінші ұстазы» атанған ойшыл ғалым, ғұлама Әбу Насыр әл – Фарабидің негізгі еңбектерінің бірі. Әбу Насыр әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты трактатын қаламын алып жазуға не түрткі болды десеңіз, автордың өмір сүрген қоғамына көңіл аударсақ, шешімін тапқан секілді боламыз. Себебі, әл – Фарабидің өмір сүрген дәуірі талас – тартысқа, діни келіспеушіліктерге бой алдырған қоғам еді. Трактатта қайырымды, ізгілікті қала болмысының негізгі нүктелері мен керекті шарттары туралы кеңінен, жан – жақты талданып, зерттеледі. Әбу Насыр әл – Фарабидің бұл аталмыш еңбегі 6 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде түрлі тақырыптарды толық қамтиды. Сол 6 бөлімде не жайлы қарастырылғанын айтып өтейік.

Бірінші бөлімінде: Алла Тағаланың, жаратушы Иенің болмысы және оның сипаттары, есімдері туралы, Ол бүкіл болмыстарды алғашқы жасаушысы екендігі жайлы, бүкіл кемшіліктен ада, Ол бәрін Білуші әрі Көруші екенін баяндайды. Екінші бөлімде: ізгілікті дінде рухани жандар мен періштелер болмысы, олардың асыл жауһарлары не, аспан денелері, материалды денелердің жауһарлары жөнінде болса, үшінші бөлімде: аспан денелері мен ғаламшарлық денелердің өзара байланысы, Алла Тағала табиғи денедегі дүниелерді қалай басқаратындығы туралы айтылады. Төртінші бөлімде: адам мен оның жаны, тән қуаттары, жан қуаттарының саны, еркек пен әйел, сонымен қатар олардан бала қалай жаратылатындығы, еркек пен әйелдің үлесі, дүниеге келгеннен кейінгі баланың физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктері қарастырылады. Бесінші бөлімде: адам баласының өз қалауымен пайда болған, бар болған дүниелері мен адам қоғамы, оған не керек, қоғам қажеттіліктері, қоғамның жіктелуі сынды жайттарға сипаттама береді. «Қайырымды қала тұрғындары» кімдер, бұл қаланы қалыптастыратын адамдардың ерекшелігі туралы айтылған. Алтыншы бөлімде: надан көзқарастар мен қоғамдар, надан қалалар мен басшылықтар, олардың іс – әрекеттерінің салдар – себептері туралы баяндалады. Адасқан пікірлер, адасқан басшылық сынды бұзылған негіздер еске алынады.

 Әбу Насыр әл – Фарабидің қоғам, мемлекет жайлы ізгі ойларына қарап, мемлекеттің, қаланың гүлденуіне жақсы өмір сүруі үшін әрбір тұлғаның маңызды орын алатындығына аса қатты мән бергендігін байқаймыз. Ғұлама өз еңбегінде қаланың бақытты өмір сүруі, жайқалып гүлденуі – ең алдымен басшыға байланысты екендігіне баса назар аударады. Жалпы, әл – Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында теңсіздік орын алған. Тек қана рухани жағынан емес, дәулет теңсіздігі де қамтылған. Ғұлама адам қоғамдастығын екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Бұл қоғамдастықтардың басқаша да түрлерімен таныстырады. Әбу Насыр әл – Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында «Адамдардың бірлесуінің мақсаты шынайы бақытқа жету істерінде өзара көмек көрсететін қала болып табылады және бақытқа жету мақсатында адамдар бір – біріне көмек көрсететін қоғам болып табылады» деп «қайырымды қалаға» орынды сипаттама берген.  Сонымен қатар, айта кетер жайт, философ «қайырымды қаламен» қатар, «қайырымсыз қаланы» да тіліне тиек етеді. Нақтырақ айтсам, «Ол қаланың тұрғындары ешқашанда бақыт дегенді білмеген, оған жету олардың ойына да кірмеген», - деп «қайырымсыз, өмір сүруі нашар, бақытсыз» қалаға сипаттама береді. «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат, олардың ең үлкен қателігі – бақытқа бірге жұмыла ұмтылмауында», - деп өз ойын орынды тұжырымдаған. Әбу Насыр әл – Фарабидің пікірінше, «қайырымды қала» идеал қала. Ал, идеал қала – адамның кемеліне жеткен денесі, оның сау мүшелері секілді. Адамның дене мүшелері тіршілік барысында, тіршілік ету үшін бір – бірімен тығыз байланыста болып, көмек беріп отырады. Сол секілді, «қайырымды қала» болу үшін оның тұрғындары бірлестікте, ауызбіршілікте болуы шарт.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (63.4 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club