Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн» әңгімесінің өзіндік ерекшелігі

Автор:   •  Март 15, 2020  •  Реферат  •  5,071 Слов (21 Страниц)  •  2,675 Просмотры

Страница 1 из 21

«Қаратоғай ЖОББМ» КММ 9-сынып оқушысы Елемес Гүлфайруз «Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн» әңгімесінің өзіндік ерекшелігі»

тақырыбындағы зерделеу жұмысына

Аңдау хат

Жұмыс тақырыбы: «Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн» әңгімесінің өзіндік ерекшелігі»       

Жұмыстың  негізгі мақсаты:  Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн» әңгімесін негізге ала отырып, іздену жұмысында өзіндік ой-пікір білдіру. Жазушының аталған әңгімесінің ерекшеліктерін жан-жақты қарастыра отырып, зерделеу. Жазушының «Ең бақытты күн» әңгімесіндегі жазушының шағын жанрдағы кейіпкер бейнесін сомдаудағы шеберлігін көрсету. Көркем туындыны  жазу барысында жазушының ұзақ жылғы қалам қарымындағы  қайталанбас қолтаңбасы мен шығармадағы ұлттық мінез – құлықты оқырманға таныту мақсаты көзделді.

 Жаңалығы:  Әбіш Кекілбаев — өрелі мақсаттарға, биік мұраттарға қол жеткізген жазушы.  Оның әңгімесінде  халықтың ұлттық болмысы, үміті мен тілегі ұялаған, оның өн бойында сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген ұлттық болмыс пен ұлттық сана жатыр.  Әбіш әңгімесін зерттей- зерделей  келе  қаламгердің шағын жанрды жазудағы шын талантын түсіндім.

Ұсынысы: «Ең бақытты күн» әңгімесі- ұлттың ұлттық құнылығын танытан, қазақы мінез бен қазақы болмыста бағамдайтын туынды. Ол- аға ұрпақтың қайыспаз қайсар мінезінің , қиындыққа қасқая қарап тұратынының үлгісі. Сондықтан әңгіме мектеп бағдарламасына кіргізілсе деген ұсыныс білдіремін.

Қорытындысы: Шағын жанрда өзіндік орны бар туындыны насихаттау, елге танытып,шығарма кейіпкерлерін мақтан тұта отырып, өткен тарихымызды жадымызда мәңгі сақтауымыз, ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыруымыз қажет.

Жұмыстың орындалу әдістері:  Әңгіменің мазмұнымен      танысу, талдау, әдеби-теориялық жақтан бағалау, жинақтау, қорыту,тұжырымдау.

                                                              [pic 1]

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ..................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн» әңгімесінің өзіндік ерекшелігі»       

1.2.Шағын жанр өрінде...........................................................................................5

1.2.Әңгіменің сюжеттік-композициясының тұтастығы , шығармадағы кейіпкелер іс –әрекетінің жан жақтылығы ..........................................................8

1.3.Әдебиеттегі психологизмнің мәні..................................................................12

1.4.Шығарманың ұлттық құндылығы, қазақы болмыстың көрінісі.................14

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………....................17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………...................18

[pic 2]

                                                                                                                                       

Кіріспе

          «Әбіш Кекілбаев – жаратылысы жөнінен қазақ жанының тұтастығынан тұратын төтенше құбылыс. Кіндігі кесіліп, кірі жуылған жерінің табиғатынан айнымайтын келбеті мен мұндалап өзіне шақыратынынан жазбаса екен тәңірім. Бүкіл болмысының өзінен қазақ жанының кеңдігі, ұлт ойының тереңдігі мен кемелдігі, қазақы көңілжықпастық пен аталық мейірім ұйыған осынау бітім-болмыс ойшыл санатқа іліккен қатардың біріне де бұйырмағанын айту, әйтсе де ащы шындық. Өйткені, ол жақын адамың сияқты алыстан тартып қана қоймай, ой мен сөздің теңізін көкірегіне тұндырған жомарт жаратылысы арқылы дүниенің жалғандығын ұмыттырып жіберетін қызыр иесі. Мінеки, енді осынау сирек тұлғамен замандас болып, қатар жүріп, бірге тіршілік етудің қадіріне жетудің өзі – біле-білген адамға бір ғанибет,» [1] - деген екен оның замандасы Н.Оразалин. Өзінің замандастары мен оған ұстаз болған үлкен ғалымдардың өзі оның тума таланты мен дарынының алдында бастарын иген. Заманының заңғары, Маңғыстаудың маңғазы -  Әбіш Кекілбаев көзі тірісінің өзінде абыз атанған дара тұлға.

...

Скачать:   txt (62.6 Kb)   pdf (305.6 Kb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club